«ЖАС МАМАН»

Жобаның мақсаты

Жобаның мақсаты-ең сұранысқа ие 100 мамандық бойынша колледждерді жаңғырту және білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу. Жетекші колледждер базасында халықаралық стандарттар бойынша жарақтандырылған экономиканың 10 саласы бойынша Құзыреттілік орталықтарын ашу.

Құзыреттілік орталықтарының миссиясы

  • білім алушылардың кәсіби дағдыларын арттыру-өңір колледждерінің студенттері үшін оқу практикаларын өткізу;
  • кәсіби шеберлік чемпионаттарына қатысушылардың сапасын арттыру-WorldSkills чемпионаттарына дайындық кезінде жаттығу жиындарын өткізу;
  • колледждердің инженерлік-педагогикалық құрамының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру-өндіріс шеберлерінің тағылымдамаларын өткізу.

Осылайша, негізгі мамандықтар бойынша кадрлар даярлау Құзыреттілік орталықтарында шоғырланатын болады, бұл басқа колледждердің студенттеріне WorldSkills әлемдік стандарттарына сәйкес келетін жабдықтарда оқытудан өтуге мүмкіндік береді.

Нәтиже

Аталған Жобаны іске асыру нәтижесі білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, бәсекеге қабілетті кадрларды қалыптастыру, колледж түлектерінің жұмысқа орналасу үлесін арттыру және техникалық және кәсіптік білім алудың тартымдылығын арттыру болып табылады.

2020 жылы сомасы - 1 304 050,0 мың теңгеге  23 зертхананы және 12 шеберхананы жарақтандыру және жетекші колледждерінің базасында  5 Құзыреттілік орталықтарын ашу үшін,  жалпы алғанда 463 бірлік жабдық пен техниканың 155 атауы сатып алынды, оның ішінде:

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

- «Энергетика» бағыты бойынша - «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК –– 245 524,1 мың теңге, 44 жабдық атауын сатып алуға, жалпы алғанда 137 бірлік (4 зертхана мен 1 шеберхананы жабдықтау үшін);

- «Металлургия» бағыты бойынша - «Риддер аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК–272 037,1 мың теңге сомасына 46 жабдық атауын сатып алуға, жалпы алғанда 164 бірлік (8 зертхана мен 1 шеберхананы жабдықтау үшін);

- «Ауыл шаруашылығы» бағыты бойынша- «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК- 289 647,2 мың теңге сомасына 16 жабдық атауын сатып алуға, жалпы алғанда 21 бірлік (3 зертхана мен 3 шеберхананы жабдықтау үшін).

Абай облысы бойынша:

- «IT» бағыты бойынша - «Электротехникалық колледжі» КМҚК- 213 608,6 мың теңгесомасына 21 жабдық атауын сатып алуға, жалпы алғанда 87 бірлік (5 зертхана мен 4 шеберхананы жабдықтау үшін);

- «Көлік» бағыты бойынша – «Көлік колледжі» КМҚК–283 234,7 мың теңге сомасына 28 жабдық атауын сатып алуға, жалпы алғанда 54 бірлік (3 зертхана мен 3 шеберхананы жабдықтау үшін).

2021 жылы сомасы - 1 256 405,6 мың теңгеге 10 зертхананы және 20 шеберхананы жарақтандыру және жетекші колледждерінің базасында  5 Құзыреттілік орталықтарын ашу үшін,  жалпы алғанда 653 бірлік жабдық пен техниканың 247 атауы сатып алынды, оның ішінде:

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

- «Құрылыс индустриясы» -  бағыты бойынша (4 мамандық) «Өскемен құрылыс колледжі»  КММ - 314 163,5 мың теңге сомасына, 59 жабдық атауын сатып алуға, жалпы 70 бірлік (6 шеберхананы жабдықтау үшін).

Абай облысы бойынша:

- «Қызмет көрсету саласы» бағыты бойынша (3 мамандық) «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК-ның сомасы - 109 154,2 мың теңгеге, жабдықтың 47 атауын сатып алуға, жалпы алғанда 135 бірлік (6 зертхана мен 5 шеберхананы жабдықтау үшін);

- «Геология» бағыты бойынша (2 мамандық) «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК -  сомасы 409 549,7 мың теңге, жабдықтың 25 атауын сатып алуға, жалпы алғанда - 70 бірлік (1 зертхана мен 3 шеберхананы жабдықтау үшін);

- «Байланыс, телекоммуникация» бағыты бойынша (2 мамандық), «Радиотехника және байланыс колледжі» КМҚК - 165 928,9 мың теңге сомасына, 48 жабдық атауын сатып алуға, жалпы -176 бірлік (3 зертхана мен 2 шеберхананы жабдықтау үшін);

- «Құрылыс индустриясы» бағыты бойынша (2 мамандық) «Құрылыс колледжі» КМҚК (Семей қ.) сомасы 257 609,3 мың теңге, 68 - жабдық атауын сатып алуға, жалпы саны-202 бірлік (4 шеберхананы жабдықтау үшін).

Сонымен қатар, жобаға қатысушы колледждер мәслихат депутаттарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды міндетті түрде енгізе отырып, жабдықтарды қабылдау жөніндегі жұмыс тобының құрамын қалыптастырды.

10 колледжде шарттық міндеттемелерге сәйкес жабдықтар мен техниканы жеткізушілер жаңа жабдықта жұмыс істеу үшін 300 арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерін 36, 48, 72 сағаттық курстық даярлықтан өткізе отырып, техниканы орнату мен ретке келтіруді жүргізді.

НҚА