«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы

Шығыс Қазақстан облысының барлық білім беру ұйымдары 2026-2027 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығымен бекітілген «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жұмыс атқарылады. Бұл бағдарлама оқушының адамгершілік құндылықтарын нығайтып, саналы әрі жауапты азамат ретінде өсіп-жетілуіне жол ашады.Әр ай біртұтас тұлғаны қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды қамтиды. Құндылықтарды енгізу әлеуметтік жобалар мен іс - шаралар арқылы жүзеге асырылады: «Қамқор», «Шабыт», «Еңбек адал-жас өрен», «Ұшқыр ой алаңы», «Балалар кітапханасы», «Smart bala». Облыс мектептерінде жұмыс әр айға қол қойылған әлеуметтік жобалар мен іс-шаралардың тақырыптық күнтізбесі бойынша жүргізіледі.

2026-2027 оқу жылында Шығыс Қазақстан облысының барлық білім беру ұйымдарында ҚР Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 18 қыркүйектегі №267-НҚ бұйрығы негізінде сынып сағаты есебіндегі 10 минуттық «Қауіпсіздік сағаттары» жаңартылған мазмұнында жүргізіледі.

Қауіпсіздік сабақтарының мақсаты: тәрбиеленушілер мен білі алушылардың түрлі жағдайларда өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған қауіпсіз әрі жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

Қауіпсіздік сабақтары МДҰ-да 11 ұйымдастырылған іс-әрекет, 1-8 сыныптарда 11 тақырып, 9-11 сыныптарда - 12 тақырыптарды оқу жылы ішінде үздіксіз қайталау арқылы жүргізіледі.

Қауіпсіздік сабақтарының жаңартылған мазмұнына ЮНИСЕФ және бейінді мемлекеттік органдар ұсынған «Ересек адам ата-анаға айтпа, десе не істеу керек?», «Бейтаныс адамдардан қалай сақтану керек», «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері», «Менің денем-менің жеке шекарам», «Жеке ақпаратыңды қалай қорғау крек?», «Үйдегі қауіпсіздік терезе, есік, қауіпті заттар», «Сомокат, велосипед, скеитборд тебу кезіндегі қауіпсіздік ережелері», «Үйде өрт болған жағдайда не істеу керек?», «Қандай сілтемелерді ашуға болмайды», «Жеке шекаралармен қауіпсіз қарым қатынас» тақырыптары енгізілген.

Білім алушыларды жауапкершілікке, мейірімділікке және экологиялық мәдениетке баулу. Қоршаған ортаға және адамдарға деген қамқорлықты дамыту мақсатында мектептерде «Қамқор» жобасы жүзеге асырылады. «Қамқор» жобасы аясында «Қоғамға қызмет ету» волонтерлық қызмет бойынша қайта өңделген матералдар мен табиғат элементтерін байланыстырып құстарға ұя, жем шашар әзірленді, қайырымдылық акциялары, «Жер сағаты» экологиялық акциясы, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы, «Экология - өмірдің жүрегі!» «Суды үнеді тұтыну», тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Облыс бойынша «Қамқор» жобасы аясында 2155 іс-шара өтті. Іс-шараға 68795 адам қамтылды.

Оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашу, мәдениет пен өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Эстетикалық тәрбие беруге бағытталған«Шабыт» жобасы аясында«Жетістігімді еліме арнаймын», «Желідегі қауіпсіздік», «Менің сыныбым буллингке қарсы», «Даналық ұстаздан», «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі», «Парламент өмірінен бір күн», «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ!»челленджі, «Мен - еріктімін» әлеуметтік желідегі фотоконкурс«Мектеп театры» жобасы аясында ҚР Республика күніне арналған қойылым, Патриоттық әндершеруі өтті.

Облыс бойынша 2789 іс-шара өтті. Оған 64526 оқушы қамтылды.

«Еңбек адал-жас өрен» жобасы оқушылардың еңбекқорлық қасиетін қалыптастыру, кәсіби бағдар беру және жұмысшы мамандықтарға қызығушылығын арттыру «Мамандықтар әлемі» бастамасын қамтиды. Жоба аясында «Күзгі асар» жәрмеңкесі, «Мамандық пен еңбек таңдауы – болашаққа бастар жол» тақырыптарында сыныптан тыс іс-шаралар, жоғарғы оқу орындары мен колледж мамандарымен кездесулер өткізілді. Аталған жоба аясында облыс бойынша 963 іс-шара өтті. Іс-шараға 75635 оқушы қамтылды.

Оқушылардың сыни ойлау қабілетін, пікірталас мәдениетін және коммуникативтік дағдыларын жетілдіру мақсатында«Ұшқыр ой алаңы» жобасыжүзеге асырылады. Жобааясында апта сайын «Brain stars» интеллектуалдық ойындары, «Заңды сақтау, құрметтеу және міндеттерді орындау»тақырыбында оқушылары арасында дебат, зияткерлік ойындар, интеллектуалды ойындар, шахмат ойынынан жарыстар өтеді. «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында 421 іс-шара, оған 9913 оқушы қамтылды.

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында«Шын жүректен кітап сыйла» акциясы, «Каникулда бірге кітап оқиық!», «Оқы, талқыла!», Әдеби кештер/кітап көрмесі/кітап кейіпкерлерінің конкурсы, «Кітаптар айналымы» акциясы, «Кейіпкерлер байқауы», «Litclub» оқырмандар клубы, «Ұшқан ұя» кітабының желісі бойынша квест, «Ұлттық валюта» көрме ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы, «Мен оқыған бір кітап...» библио-кросс акциясы. «Балалар кітапханасы» жобасы аясында Зайсан ауданы Астана кітап баспасымен мемарандум жасады. «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 9874 іс-шара үйымдастырылып, оған 64526 адам қамтылды. Облыс бойынша 12288 іс-шара өтті. Іс-шараға 20730 адам қамтылды.

Цифрлық сауаттылықты арттыру, инновациялық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қазіргі заманғы технологияларды тиімді пайдалануға үйретуге бағытталған«Smart Bala» жобасы аясында мектепішілік көрмелер ұйымдастырылып, өнертапқыштарға арналған үйірмелер өтуде. Жоба аясында 785 іс-шара өтіп, оған 20202 оқушы қатысты.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы – жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді, адалдықты, жауапкершілікті, отансүйгіштікті қалыптастыруға бағытталған маңызды тәрбие жүйесі.

Жарияланған күні

10 қараша 2026

Жаңарту күні

10 қараша 2026