Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында" Адал азамат " брендбукін іске асыру
Көру саны:8
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мемлекет басшысының 2026 жылғы 6 тамыздағы № 26-04-17.105 тапсырмасын орындау мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының брендбугі облыстағы 24 білім беру ұйымында енгізіліп, жүзеге асырылды.
Аталған жұмыс Өскемен және Риддер қалаларындағы, сондай-ақ Глубокое, Күршім, Марқакөл, Самар, Тарбағатай, Шемонаиха, Зайсан және Ұлан аудандарындағы білім беру ұйымдарын қамтыды.
Атап айтқанда, брендбук төмендегі 24 мектепте жүзеге асырылды:
1. Өскемен қаласы №40 мектебі;
2. Өскемен қаласы №41 мектебі;
3. Өскемен қаласы №31 мектебі;
4. Өскемен қаласы №46 мектебі;
5. Риддер қаласы №11 мектебі;
6. Риддер қаласы №12 мектебі;
7. Глубокое ауданы №2 Белоусовка жалпы орта білім беретін мектебі;
8. Глубокое ауданы №2 Опытное поле жалпы орта білім беретін мектебі;
9. Күршім ауданы Бірлік негізгі орта мектебі;
10. Марқакөл ауданы Игілік негізгі орта мектебі;
11. Самар ауданы №1 орта мектебі;
12. Тарбағатай ауданы «Құйған атындағы орта мектебі» КММ;
13. Шемонаиха ауданы Шәкәрім атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебі;
14. Шемонаиха ауданы А. Байтұрсынов атындағы №5 жалпы білім беретін орта мектеп-бөбекжай-балабақша кешені;
15. Зайсан ауданы Амангелді атындағы орта мектебі;
16. Тарбағатай ауданы Б. Момышұлы атындағы негізгі орта мектебі;
17. Тарбағатай ауданы Майлин атындағы мектеп-балабақша кешені;
18. Күршім ауданы Қыстау-Күршім негізгі орта мектебі;
19. Күршім ауданы №4 Островский мектебі;
20. №3 Күршім гимназиясы;
21. Ұлан ауданы Бозанбай орта мектебі;
22. Ұлан ауданы Таврия орта мектебі;
23. Ұлан ауданы Герасимовка орта мектебі;
24. Самар ауданы Ы. Алтынсарин атындағы бастауыш мектебі.
Аталған білім беру ұйымдарында «Адал азамат» бағдарламасының бірыңғай визуалды стилін қалыптастыру, оның негізгі құндылықтарын насихаттау және тәрбие жұмысының мазмұнын бірыңғай брендбук талаптарына сәйкестендіру бағытында жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы ақпараттық стендті мемлекеттік нышандарға арналған экспозициямен қатар мемлекеттік бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін ұйымдарда ақпараттық стендтерді орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта облыстың 35 мектебінде ақпараттық стендтер орналастырылған.





10 қараша 2026
10 қараша 2026