Мектеп пен ЖОО арасындағы байланыс

Қазіргі уақытта облыста «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» мен ШҚО білім басқармасы арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында мектеп түлектеріне арналған бірқатар іс-шаралар өткізілуде:

- облыстың мектеп түлектері арасындағы пәндік олимпиадалар;

-оқушыларды жоғары оқу орындарының өткізетін ғылыми-практикалық конференцияларға (дайындықтың барлық бағыттары бойынша) қатысуға тарту;

- «Университет күні» іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;

- Факультеттердің Ашық есік күндері;

- жоғары оқу орындарының жетекші оқытушыларының мектептерде бейіндік пәндер бойынша дәрістер оқуы;

- университеттің мұражайларына, ғылыми-зерттеу зертханаларына және ғылыми-білім беру орталықтарына онлайн шолу экскурсияларын өткізу;

- оқушылардың ата-аналарын кейіннен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу туралы хабардар ету;

- «ШҚУ имиджі» университеттік газетінің арнайы кәсіптік бағдарлау басылымдарын әзірлеу;

- мектеп оқушылары арасында кәсіби диагностиканы әзірлеу және жүргізу; - бейінді пәндер мен білім беру бағдарламалары тобын таңдау бойынша түлектерге ақпараттық-анықтамалық, аудио-және бейнематериалдар дайындау;

- жоғары оқу орындарына түсу, шығармашылық емтихандарды тапсыру қағидаларын түсіндіру бойынша жұмыс, онлайн режимінде құжаттарды тапсыру рәсімі түсіндіріледі, талапкерлерге кеңес беру кезінде ҰБТ өткізу форматына ерекше назар аударылады.

Сондай-ақ, облыстың мектеп түлектері үшін жыл сайын ҰБТ-ға дайындық бойынша «Жас талап» тегін дайындық курстары ұйымдастырылып өткізіледі.                  2023-2024 оқу жылының күзгі және қысқы демалыс кезеңдерінде 11 сыныптың 2000-ға жуық оқушысы аталған курстармен қамтылды.