Алтай ауданы Средигорное ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы
ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
2024 жылғы 25 желтоқсан №1 Алтай ауданы
Алтай ауданы Средигорное ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі
сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алтай ауданы Средигорное ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша - Средигорное ауылдық округінің шекараларында сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округінің тізімі, олардың шекаралары және Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, «Заря Востока» аудандық газетінде және Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
Төраға Б. Тұқтыбаева
Хатшы Р. Букежанова
14
25 желтоқсан 2024 19:23
25 желтоқсан 2024