Алтай ауданы Малеевск ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы
ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
2023 жылғы 01 қараша № 34 Алтай ауданы
Алтай ауданы Малеевск ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі
сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алтай ауданы Малеевск ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша - Малеевск ауылдық округінің шекараларында сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округінің тізімі, олардың шекаралары және Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, «Altai tynysy» аудандық газетінде және Алтай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
Төраға Б. Тұқтыбаева
Хатшы Р. Букежанова
6