Алтай ауданыңда көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-3-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Алтай ауданыңда көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидалары бекітілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алтай ауданының әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.