Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасының аумағында таралған аса ауіпті зиянды организмдердің тізбесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4‑4/282 бұйрығымен бекітілген "Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiнде" белгіленген.
Аталған бұйрыққа сәйкес тізбеге келесі аса қауіпті зиянды организмдер енгізілген:
1) Өсімдік зиянкестері:
- үйірлі шегіртке тектестер (азиялық, мароккалық және итальяндық прус);
- зиянды бақашық;
- астықтың сұр көбелегі;
- гессен шыбыны;
- астық қоңыздары;
- мақта көбелегі;
- өрмекші кене;
- саршұнақтар;
- тышқан тәрізді кеміргіштер;
- колорадо қоңызы;
- қырыққабат күйесі;
- шалғын көбелегі.
2) Дәнді дақылдардың аурулары (тат ауруы, септориоз).
Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық шарттарында, сондай-ақ импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметтерінің талаптарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
Заңның және осы Қағидалардың талаптары сақталған кезде карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге импорттаушы елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкес тиісті аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) беретін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фитосанитариялық сертификат болған кезде рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге әкетілетін карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйінің карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін бастапқы тиеп-жөнелту орындарында және қайталама - теңіз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, темір жол станцияларында, почта операторларының өндірістік объектілерінде, ішкі сауда объектілерінде, автовокзалдарда (автостанцияларда) және экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезінде өзге де объектілерде импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары куәландырады.
Морфологиялық белгілері бойынша карантиндік объектілерге, бөтен текті түрлерге ұқсас организмдер, өсімдіктер ауруларының белгілері, карантинге жатқызылған өнімдердің карантиндік объектілермен, бөтен текті түрлермен залалдану белгілері анықталған кезде, үлгілер зиянкестердің, өсімдіктер ауруларының және арамшөптердің түрлік құрамын анықтау үшін зертханалық сараптамаға жіберіледі, олардың нәтижелері бойынша осы өнімді пайдалану шарттарын жаза отырып, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі жасалады.
Жүкті қайта тиемей әкету кезiнде шекаралық пунктте және фитосанитариялық бақылау бекетінде тиеп-жөнелту орнынан берiлген фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресiмделуiн ғана қадағалау жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі Қағидалардың 25-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен бекітілген «карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алу үшін жеке немесе заңды тұлға» электрондық үкімет веб-порталы арқылы тиісті аумақтық бөлімшеге жүгінеді. www.egov.kz не аумақтық бөлімшенің кеңсесі арқылы не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) арқылы ұсынады:
1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжат (аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
Портал арқылы жүгінген кезде жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтерді аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) және көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет"шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беруге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес "карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
1) заявление на получение фитосанитарного сертификата на вывоз подкарантинной продукции за пределы Республики Казахстан по форме согласно приложению 7 к настоящим Правилам;
2) документ, удостоверяющий личность, и (или) документ, удостоверяющий полномочия представителя услугополучателя (требуется для идентификации личности при обращении в канцелярию территориального подразделения (услугодателя) и Государственную корпорацию).
При обращении через портал сведения о документе, удостоверяющем личность физического лица, о регистрации (перерегистрации) юридического лица, регистрации индивидуального предпринимателя, либо о начале деятельности в качестве индивидуального предпринимателя территориальное подразделение (услугодатель) и услугополучатель получают из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".
Перечень основных требований к выдаче фитосанитарного сертификата на вывоз подкарантинной продукции за пределы Республики Казахстан, включающий характеристики процесса, форму, содержание и результат оказания, а также иные сведения изложены в стандарте государственной услуги "Выдача фитосанитарного сертификата на вывоз подкарантинной продукции за пределы Республики Казахстан" согласно приложению 8 к настоящим Правилам.
Өсімдіктерді қорғау саласында мемлекеттік қолдау тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген республикалық бюджет есебінен үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жөніндегі фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу түрінде жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, егістікті зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерден қорғау үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер пестицидтерінің құнын субсидиялау көзделген.
Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi мiндеттерi:
1) мемлекеттің азық-түлік қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
2) қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету;
3) фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың) адамдардың денсаулығына зиянды әсерiнiң, ауыл шаруашылық өнiмi, қоршаған орта ластануының алдын алу және оларды болдырмау болып табылады.
Биологиялық зат (тар) негізіндегі пестицидтің өндірістік және ұсақмөлдекті сынақтары бір жылда (бір вегетациялық маусымда) жүргізіледі.
Белгілі әсер етуші заттары бар пестицидтер, оның ішінде құрамдастырылған препараттар үшін тіркелген пестицидтерді пайдалану (қолдану) - 24 айды (2 толық вегетациялық маусымды);
биологиялық зат (тар) негізіндегі пестицидтерді қоспағанда, жаңа әсер етуші зат(тар)ы бар пестицидтер үшін - 36 айды (3 толық вегетациялық маусымды).
Лицензияны алу үшін құжаттарды "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 299 бұйрығына сәйкес дайындау және ұсыну қажет.
Дәлелді бас тарту негіздердің басты себептері мына жағдайда болмаса:
- Сақтау қоймасына мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы;
- сыртқы сауда шартының (келісімшартының) өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) бұзылғаны туралы экспорттаушыға қайтару тәртібі;
- лицензиялық алымның енгізілмеуі.
Әсер етушi заттың компоненттерін алып тастау бойынша пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына өзгеріс енгізілді, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 160 бұйрығымен бекітілді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.