Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшының орынбасары, санаты D-O-2 (1 бірлік), 01-03
Ұлытау облысының әкімдігі
Ұлытау облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Әлеуметтік объектілерді салу және қайта жаңарту бойынша бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, негіздеу және іске асыру және нәтижелерге қол жеткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Республикалық және облыстық бюджеттердің қаражаты есебінен Даму бағдарламалары бойынша объектілерді жобалау және салу, реконструкциялау бойынша орындалған жұмыстарды бақылауды және қабылдауды жүзеге асыру, құрылыс- монтаждау жұмыстары өндірісінің сапасына және объектілерді пайдалануға беру мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Белгіленген объектілерді жобалауға арналған тапсырманы бекіту. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кестесін бекіту. Техникалық кеңестердің хаттамаларын, оның ішінде бұрын бекітілген жобалық шешімдерге (түзетуге) Енгізілген өзгерістер бойынша қабылданған шешімдерді бекіту. Салынған объектіні пайдалануға беру жөніндегі жұмыстарға басшылық жасау. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісін бекіту. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары нұсқамаларының орындалуын қамтамасыз ету. Құрылыс объектілерін қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарына уақтылы қабылдау–беруді бақылау. Объектілерді салу бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары сәйкес мердігерлік жұмыстарды жеткізушілердің қызметін үйлестіру. Тапсырыс беруші басқарма болып табылатын объектілерді жобалау және салу мәселелері бойынша кеңестер өткізу. Облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларын келісу және оларға мемлекеттік сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды бақылайды.Облыстың қалалары мен аудандарында аумақтардың қала құрылысын игеру кезінде сәулет, қала құрылысы қызметі туралы заңнама нормаларының, мемлекеттік нормативтер мен жобалау құжаттамаларының сақталуын бақылау (А блогы).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- «Ұлытау облысы әкімінің аппараты» MM (100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1)
-
87102600297