"Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы" ММ басшысының орынбасары, D-O-2

Мемлекеттік орган

Ұлытау облысының әкімдігі

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

D-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Педагогика және психология
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік          рәміздерінің          пайдаланылуына          (орнатылуына, орналастырылуына) облыста бақылауды жүзеге асыру, Ұлытау облысы әкімі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру. Облыста мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды, оның ішінде мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындау бойынша БАҚ қызметін әдістемелік қолдауды және үйлестіруді, заңнаманы сақтау мәніне БАҚ қызметіне мониторинг жүргізуді, өңірлік және шетелдік БАҚ-тарды есепке алуды қамтамасыз етуді бақылау.Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге, облыс әкімі актілерінің жобаларын дайындауға және сараптауға қатысу. Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша жетекшілік ететін бөлімдердің ақпараттық деректер базасын қалыптастыруды, жинақтауды, қорытуды және жіктеуді бақылау. Ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және өңірдегі саяси процестерді демократияландыруға бағытталған республикалық және өңірлік, ғылыми-практикалық іс-шараларды дайындау мен өткізуді үйлестіру. Мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша нормативтік-құқықтық актілердің іске асырылуын, бюджет қаражатының уақтылы игерілуін және бюджет заңнамасының орындалуын бақылау. Басқарма қызметінің тиімділігін бағалау бойынша жұмысты үйлестіру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға байланысты заңнаманың сақталуын, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтардың және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар кешенінің іске асырылуын бақылау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша талдамалық баяндамалар, ақпараттар, есептер және ұсынымдар дайындау. Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімдерінің, идеологиялық насихат және әдістемелік жұмыстың, әкімшілік бөлімнің жұмысын үйлестіру. Зерттеу нәтижелерін аналитикалық өңдеу және түсіндіру, жетекшілік ететін мәселелер бойынша әлеуметтік зерттеулер үшін іріктемелі жиынтықтың есептерін жасау. Басқарманың жоғары тұрған органдарға, сондай-ақ қалалар мен аудандар әкімдіктеріне, мемлекеттік органдардың Басқармаға жұмыс бағыттары бойынша есептер ұсынуын бақылау. Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтау. Жұмыс кезеңінде өзіне белгілі болған ақпараттың құпиялылығын сақтау, сондай-ақ Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне белгілі болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу. Мемлекеттік жастар саясаты саласы, жас азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелері, басқарма құзыретіне кіретін өзге де мәселелер құзыретіне кіретін мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету. Әлеуметтік мемлекеттік тапсырыстың тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуді бақылау. Басқарманың негізгі қызметі аясында мемлекеттік сатып алу мен оның сапалы жүзеге асырылуын қадағалау. Басқарманың және оның қарамағындағы мекемелердің қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау, жүйелендіру.Конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.06.2026 – 23.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

ГУ «Аппарат акима области Ұлытау» (100600, область Ұлытау, город Жезказган, площадь Алаша, 1)

Анықтама алу үшін байланыс

87102600297