"Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ Экономикалық жұмыстары, азаматтық қорғаныс және төтеншежағдайлар бойынша басшының орынбасары, санаты D-O-2
Ұлытау облысының әкімдігі
Ұлытау облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтарын, ҚР Үкіметінің, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, облыс әкімінің Денсаулық сақтау саласындағы қаулылары мен өкімдерін басшылыққа алады және олардың орындалуын бақылайды.Басқарудың кешенді жоспарлары мен нысаналы бағдарламаларының әзірленуіне және орындалуына, алқа шешімдері мен басқарма бұйрықтарының дайындалуына, өткізілуіне және орындалуына, облыс халқына медициналық көмекті ұйымдастыруды жақсартуға, саланың қаржы-экономикалық көрсеткіштерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Облыстың денсаулық сақтау бюджетін жоспарлау, медициналық қызметтерге мемлекеттік тапсырысты орналастыру, халыққа медициналық қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыру, бюджет қаражатын ұтымды және тиімді пайдалану жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді және басшылық етеді. Облыстың денсаулық сақтау саласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың индикативтік жоспарларын әзірлеуді үйлестіруді, негізгі құралдардың жайкүйін бағалауды және оларды дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді, оларды жоғары тұрған органдармен келісуді қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жүзеге асырады. Денсаулық сақтау саласын жаңғырту жөніндегі Жол карталарының іс-шараларын әзірлеуге және олардың орындалуын қамтамасыз етуге қатысады. Облыстың денсаулық сақтау саласы үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді және оларға басшылық жасайды. Облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының қаржылық шығыстар сметаларына, егжей-тегжейлі қаржыландыру жоспарларына сараптама жүргізу бойынша басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады. Денсаулық сақтау ұйымдарының экономикалық және бухгалтерлік қызметтерінің жұмысына әдістемелік басшылықты жүзеге асырады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы Денсаулық сақтау ұйымдарында байқау кеңестерінің жұмысын үйлестіруді бақылауды жүзеге асырады. Басқармада құқықтық жалпыға бірдей оқытуды жүргізуді бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша бизнесжоспарлардың сараптамасын, МЖӘ жобаларының қаржы-экономикалық моделін талдауды, жеке инвестициялардың өтелу мерзімін есептеуді, өтемдік инвестициялық шығындар мен операциялық шығындарды есептеуді, Денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ-нің әлемдік халықаралық тәжірибесін қолдануды, МЖӘ жобаларын келісуді, үздік әлемдік тәжірибелерді пайдалана отырып, МЖӘ құралдарының тізбесін кеңейтуді ұйымдастырады. ТЖ,төтенше жағдай (ТЖ) жағдайында зардап шеккен халыққа медициналық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды бақылауды жүзеге асырады және ұйымдастыруды, медициналық ұйымдардың базасында мамандандырылған медициналық отрядтарды, госпитальдарды, бейіндер бойынша бригадаларды қалыптастыруды және олардың ТЖ аймақтарына жұмыс істеу үшін шұғыл шығуға дайындығын қамтамасыз етеді. ТЖ, ТЖ жағдайында медициналық ұйымдардың тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің дайындығын бақылайды. Денсаулық сақтау жүйесінің жұмылдыру дайындығын және жұмылдыру резервінің мүлкін уақтылы салу, сақтау және жаңарту жөніндегі облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасының жұмысын бақылауды жүзеге асырады. .Арнаулы, республикалық, облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығулар кезінде саланың барлық функционалдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді. МСГЗ штабының бастығы бола отырып, оқу-жаттығуларға және жаттығуларға жеке қатысады. Терроризмге қарсы іс-шаралар жөніндегі жұмысты, ҰҚКД АТО облыстық жедел штабының, облыс әкімдігінің терроризмге қарсы комиссиясының нұсқауларын орындауды бақылайды. (А блогы)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- «Ұлытау облысы әкімінің аппараты» MM (100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1)
-
87102600297