"Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы" ММ басшысының орынбасары, санаты D-O-2 (01-1-1)

Мемлекеттік орган

Ұлытау облысының әкімдігі

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

D-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Өнер
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Қызмет көрсету саласы
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Басқарма аппаратының жетекшілігіндегі жұмыс бөлігіне жалпы басшылық ету. Мәдениет және өнер ұйымдары жұмысына талдау және мониторинг жасау. Мәдениет саласындағы қызметті ұйымдастыру мен басқарудың алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибенің енгізілуіне ықпалдасу. Мәдени-сауық ұйымдары, кітапханалар, театрлар, концерттік ұйымдар, музейлер қызметіне бақылау жасау. Мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды, ағымдық және болашақ жоспарларды, облыс әкімдігі қаулыларын және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі актілерін әзірлеу және орындау жұмысын қадағалау. Басқарманың алқа отырысына және аппарат кеңестеріне жетекшілігіндегі мәселелер бойынша материалдарды талдап дайындау. Ұлытау облысын дамытудың кешенді бағдарламасы; Этно мәдени орталықтармен және шығармашылық одақтармен бірігіп жұмыс жасау. Ағымдық бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарларамалы үшін бюджет шығындарының лимиттері шегінде ведомстволық бағынышты құрылымдардың қаржы-экономикалық қызметіне, кәсіпорындардың қаржыландыру жоспарларын және шығындар сметасын орындауларына, бюджеттік өтінімдердің ұсынылуына бақылау жасау және мониторингілеу. Облыстағы қала мен аудандардағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің жұмысын үйлестіру. Тарихи ескерткіштерді, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, қорғау, реставрациялау, консервациялау, қайта жандандыру, пайдалану және насихаттау бойынша музейлер қызметін қамтамасыз етілуіне және тарихимәдени мұраны сақталуына бақылау жасау. Басқарманың алқа отырысына материалдар дайындау, алқа жұмысының жылдық жоспарын әзірлеу және оның орындалуын қадағалау. Басқарманың айлық, жылдық жұмыс жоспарларын, облыс әкімі мен салаға жетекшілік етуші орынбасарының жұмыс жоспарларына ұсыныстар дайындау. Мәдениет және өнер қызметкерлеріне жыл сайынғы облыс әкімінің сыйлығын беру байқауын үйлестіру. «Мәдени құндылықтарды уақытша шығару құқығына куәлік беру» және «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызметтерін көрсетуде қорытындылардың берілуін қадағалау. Ақпараттық технологиялардың қолдануын, электрондық құжат айналымын іске асыру және іс қағаздарын жүргізуді бақылау. Тәртіптік, аттестациялық, конкурстық, наградалар бойынша үміткерлер тұлғаларын қарау жөніндегі, мемлекеттік қызметшілердің және штаттантыс қызметкерлердің еңбек өтілін анықтау жөніндегі комиссияларының жұмысын үйлестіру. Персоналды басқару жөніндегі есептердің тапсырылуына және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп ережелерін сақтауларын қадағалау. Кадрлық іс қағаздарын жүргізу, оның ішінде ведомстволық бағынышты ұйымдар қызметкерлерін аттестаттауды жүргізу мәселелерін жалпы үйлестіру. Басқарманың электрондық қызметтерінің қалыптасу және даму барысын қадағалау және талдау (веб-сайттар). Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері бойынша насихаттаушылық және түсіндірмелік жұмыс жүргізілуіне бақылау жасау. Терроризмге қарсы комиссиясының бағыты бойынша жұмыстар орындау, терроризмге қарсы комиссия бағыты бойынша келіп түсетін материалдар мен қалыптасатын жағдайларды талдау және баға беру. Ведомстволық бағынышты ұйымдардың мүгедектерге әлеуметтік тұрғыдан қолдау жасау бойынша жұмыстарын ұйымдастыру және қадағалау. Мемлекет архивтердің жұмысын қадағалау. Ұлытау облысында архив ісін басқаруды жетілдіру саласында мемлекеттік басқару. Облыстағы архив мекемелері қызметінде негізгі бағыттарының, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, облыс әкімі аппараты, басқарма басшысы бұйрықтарының орындалуын қадағалау. Басқарма алқа отырыстарына және аппарат кеңестеріне жетекшілігіндегі мәселелер бойынша материал әзірлеуді бақылау. Архив ісі мәселелері бойынша салааралық ұйымдастырушылықәдістемелік жетекшілік етуді қамтамасыз ету. Архив ісінің, құжаттандыру мен құжаттаманы басқару ахуалын, сондай-ақ бұлардың даму болашағын талдау. Облыстың архив мекемелерінің архив құжаттарын пайдалану және сақтауды қамсыздандыру мәселелері бойынша ағымдық қызметін үйлестіруге байланысты жұмыстар кешенін іске асыру. Басқарманың құпиялық іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастырумен байланысты шараларды ұйымдастыру және бақылау. Сараптау-тексеру комиссиясының, Құпиялық сараптау-тексеру комиссиясының жұмысын ұйымдастыру және бақылау. Терроризмге қарсы комиссия желісі бойынша жұмыстар жүргізу, қалыптасқан ахуалды және АТК желісі бойынша келіп түсетін материалдарды талдау және бағалау; Басқарманың құпия-сараптамалықтексеру комиссиясы (бұдан әрі ҚСТК) отырыстарының жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыру. (А блогы).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.05.2026 – 01.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

«Ұлытау облысы әкімінің аппараты» MM (100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1)

Анықтама алу үшін байланыс

87102600297