"Ұлытау облысының экономика басқармасы" ММ бюджетті жоспарлау, құқық қорғау және мемлекеттік органдар шығыстарын болжау бөлімінің басшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты еңбек демалысы уақытына 11.10.2028 ж. дейін)

Мемлекеттік орган

Ұлытау облысының әкімдігі

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару

Функционалды міндеттер

Ұлытау облысының бес жылдық кезеңге арналған даму жоспарын және Ұлытау облысының үш жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатысу. Облыстық бюджетті жоспарлауға, нақтылауға және түзетуге қатысты қажетті құжаттарды, талдамалық және ақпараттық материалдарды және «республика - облыс», «облыстық аудандар және қалалар» деген бюджетаралық қатынастарға қатысты мәселелерді ұйымдастыру және дайындау, Министрліктермен пысықтау; Бюджеттік процесте облыстық бюджет пен аудандар мен қалалар бюджеттері арасындағы бюджетаралық қатынастарды айқындау; Облыстық бюджет пен аудандар мен қалалар бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу бойынша аудандар мен қалалар бөлінісінде үш жылдық кезеңге, облыстық бюджетті, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бюджеттерін бекіту, нақтылау және түзету бойынша көрсеткіштерді жинақтауды қамтамасыз ету, ҚР Бюджет кодексі, Салық кодексі және ҚР Экономика министрлігінің бұйрығымен бекітілген Бюджет түсімдерін болжау әдістемесі негізінде үш жылдық кезеңге кірістер түсімдерін болжауды жүзеге асыру. Облыстық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыруды және отырыстар өткізуді бақылау. Облыстық бюджет туралы облыстық мәслихат шешімінің, облыстық бюджет туралы облыстық мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулының жобасын әзірлеу және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Азаматтық бюджетті қалыптастыру жөніндегі басқа да мәселелер бойынша жұмысты ұйымдастыру. Ұлытау облысының елді мекендеріндегі бюджеттің және қалалардағы халықтық қатысу бюджетінің 4-ші деңгейін үйлестіру (жоспарлау); Құқық қорғау және мемлекеттік органдардың шығыстарын жоспарлау жөніндегі жұмысты бақылау; Бөлімге жүктелген бақылау құжаттарын уақтылы және сапалы дайындауды қамтамасыз ету. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттың жарияланымдарын (Басқарманың сайтында) ұйымдастыру. Бөлім құзыреті шеңберінде облыс әкімінің мәжілістеріне, халық алдындағы есепті кездесулеріне, әкімнің депутаттар алдындағы есебіне, мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдаулары бойынша активтерге, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының сапарларына, басқарма басшысына баяндамалар, жиынтық және ақпараттық материалдар дайындау. Облыс әкіміне, Басқарма басшысына бөлімнің қызметіне қатысты мәселелер бойынша жолданған азаматтардың ұсыныстарына, өтініштері мен шағымдарына құжаттар дайындау. (А блогы).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.03.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.03.2026 – 17.03.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

«Ұлытау облысы әкімінің аппараты» MM (100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1)

Анықтама алу үшін байланыс

87102600297