"Ұлытау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ басшысының орынбасары
Ұлытау облысының әкімдігі
Ұлытау облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Өз қызметінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкіметінің қаулылары мен өкімдерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін және басқа нормативтік-құқықтық актілерді, басқарма басшысының бұйрықтарын орындайды; Ведомстволық бағыныстағы аумақтарда Басқармаға жүктелген мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізеді; Мемлекеттік сатып алу бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға жұмыс жасайды; Жетекшілік ететін бөлімдердің қызметін ұйымдастырады және бақылайды, басқарма басшысына қол қоюға ұсынылған құжаттар жобаларының заң талаптарына сәйкестігін тексереді және бұрыштама қояды; Жетекшілік жасайтын бөлімдердің жұмыстарының нәтижелерін, еңбек тәртібінің жағдайын қадағалайды, олардың жұмыстарының қорытындысы мен тиімділігі үшін жауапкершілікте болады; Белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстардың заңнамаларға сәйкес өткізілуін ұйымдастырады және бақылайды; Мемлекеттік сатып алу бойынша комиссия құрамдарына мүшелік және төрағалық етеді; Басқармада қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың бұзылуының алдын алуды қамтамасыз ету бойынша шараларды үйлестіреді және бақылайды; Облыс бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарына мониторинг жүргізілуін ұйымдастырады және анықталған кемшіліктер бойынша жұмыс жасайды; Жетекшілік ететін бөлімдердің өз қызметтерін функционалдық міндеттері бойынша атқаруына, қызметкерлердің орындаушылық тәртібіне және ішкі тәртіптің сақталуына бақылау жасайды; Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз-шағымдардың дер кезінде қаралуы мен шешілуін, бақылаудағы құжаттардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді; Басқарма басшылығына немесе құқық қорғау органдарының назарына өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жайттары туралы хабарлайды және сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау бағытындағы шараларды ұйымдастырады; Басқарманың басшысы болмаған жағдайда оның міндетін уақытша атқарады; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды іске асырады (А блогы).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- «Ұлытау облысы әкімінің аппараты» MM (100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1)
-
87102600297