Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: «Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ
Көру саны:40
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталады
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
- «Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ
- Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының " облыстық С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
- Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Облыстық мәдени-сауық және шығармашылық ғылыми-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
- Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «облыстық Тайжан Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
- Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының " Жаңаарқа аудандық Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
- Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының " облыстық Жезқазған тарихи-археологиялық музейі көрме залымен" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған позиция
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қамтитын ресми өкілеттіктер
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі
|
|
Басқарма басшысы |
Лауазымды адамның немесе оның туыстарының материалдық қажеттіліктерін немесе өзге де жеке мүдделерін қанағаттандыруға байланысты жеке мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалану. |
Фактілер анықталмаған
|
Жоғары |
|
Басқарма есепшісі |
Қызметкер жұмыс орнында іс жүзінде болмаған жағдайларда жұмыс уақыты үшін толық көлемде ақы төлеу. Кәсіпорын қызметін бағалау критерийлеріне сәйкес сыйақы, қаражатқа қол жеткізу. |
Фактілер анықталмаған
|
Жоғары |
|
Мекеме директорлары |
Лауазымды адамның немесе оның туыстарының материалдық қажеттіліктерін немесе өзге де жеке мүдделерін қанағаттандыруға байланысты жеке мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалану. |
Фактілер анықталмаған
|
Жоғары |
|
Мекеме есепшілері
|
Қызметкер жұмыс орнында іс жүзінде болмаған жағдайларда жұмыс уақыты үшін толық көлемде ақы төлеу. Кәсіпорын қызметін бағалау критерийлеріне сәйкес сыйақы, қаражатқа қол жеткізу. |
Фактілер анықталмаған
|
Жоғары |
|
Мекеме заңгері |
Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеп, шығару барысында біреулердің мүддесіне пайда көрсету, қызуғышылық таныту. |
Фактілер анықталмаған
|
Орташа |
|
Мекеме хатшысы, инспекторы |
Жұмысқа орналасу, қаражатқа қол жеткізу үшін заңда қарастырылмаған жеңілдіктер беру (протекционизм, непотизм). |
Фактілер анықталмаған
|
Орташа |
Ұлытау облысының мәдениет саласының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
- Сыбайлас жемқорлық пен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алуға жауапты бөлімшелерді немесе лауазымды тұлғаларды анықтау;
- Мекеменің құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығы;
- Мекеменің тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған стандарттар мен процедураларды әзірлеу және енгізу;
- Мекеме қызметкерлерінің әдеп және қызметтік мінез-құлық кодексін қабылдау;
- Мүдделер қақтығысының алдын алу және шешу;
- Бейресми есептерді дайындауға және жалған құжаттарды пайдалануға жол бермеу.