Ұлытау облысындағы кент және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2025 жылғы 09 қарашаға тағайындау туралы хабар
Ұлытау облысындағы кент және ауылдық округтер
әкімдерінің сайлауын 2025 жылғы 09 қарашаға
тағайындау туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ұлытау облысындағы 2 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 3 кент, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды 2025 жылғы 09 қарашаға тағайындады:
- Жаңаарқа ауданында әкім сайлауы:
1) Сейфуллин ауылдық округінде.
- Ұлытау ауданында әкімдер сайлауы:
1) Жезді кентінде;
2) Қаракеңгір ауылдық округінде.
Бүгін 2025 жылғы 01 қазанда 2 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында 3 кент, ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.
2025 жылғы 09 қарашаға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 02 қазаннан басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.
Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясы
46
01 қазан 2025 17:30
01 қазан 2025