2024 жылғы 6 қазандағы республикалық референдумда дауыс беру қорытындылары туралы
2024 жылғы 6 қазандағы
республикалық референдумда
дауыс беру қорытындылары туралы
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 31, 33-баптарына сәйкес және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссияларының дауыс беру нәтижелері туралы ұсынған хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Республикалық референдумның дауыс беру қорытындылары бекітілсін:
1) референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны - 12 284 487;
2) дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны - 7 820 204 немесе 63,66 процент;
3) референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны - 5 561 937 немесе дауыс беруге қатысқандардың 71,12 проценті;
4) референдумға қойылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны - 2 045 271;
5) жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны - 130 267.
- «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» мәселесі бойынша референдум өткізілді деп саналсын, өйткені референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысты.
- Референдумға қойылған мәселе бойынша шешім қабылданды деп саналсын, өйткені дауыс берудің нәтижесінде оның оң шешімін жақтап дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан көбі дауыс берді.
- Орталық референдум комиссиясының референдум қорытындылары туралы ресми хабарының мәтіні қосымшаға сәйкес бекітілсін және хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
|
Астана қаласы
2024 жылғы 8 қазан
№ 48/60
107
08 қазан 2024 17:14
08 қазан 2024