Қазақстан Республикасының Ұлытау облысынан Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы Ұлытау облысы сайлау комиссиясының шешімнің күшін жою туралы ХАБАРЛАМАСЫ

2022 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар Аманжол Батырбекович Мырзабеков және Оралбай Насенович Молдабаев өз қалауы бойынша тіркеуден шығару туралы келіп түскен өтініштеріне байланысты, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 74-бабының 1-тармағына және 3-тармағына сәйкес, Ұлытау облысының сайлау комиссиясы тіркеу туралы шешімнің күшін жойды:

  1. ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат А.Б. Мырзабеков - 2022 жылғы 29 шілдеде тіркелген;
  2. ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат О. Н. Молдабаев - 2022 жылғы 22 шілдеде тіркелген.

 

 

 

 

 

 

Жарияланған күні

17 тамыз 2022 20:18

Жаңарту күні

18 тамыз 2022

Бағыттар