2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Ұлытау облысы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
2026 жылғы 13 қазан
Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясы
№ 9 ҚАУЛЫСЫ
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған
Ұлытау облысы мәслихаты депутаттарының
кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» № 60/98 және «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» № 60/99 қаулыларының негізінде Ұлытау облысы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Ұлытау облысы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Ұлытау облысы аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы А. Нысанбаев
Ұлытау облысы аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Т.Мацедон
8