Ұлытау облысының туризм саласы

Ұлытау облысында туризм саласын дамыту өңір экономикасының басым бағыттарының бірі болып табылады. Облыс тарихи-мәдени мұра нысандарына, табиғи ландшафттарға және киелі орындарға бай өңір ретінде ішкі және сыртқы туризмді дамытуға әлеуеті жоғары аймақтардың қатарына кіреді.
Облыста туризм инфрақұрылымын дамыту, туристік нысандардың қолжетімділігін арттыру, сервистік қызмет сапасын жақсарту және инвестициялар тарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Өңірдің туристік әлеуетін арттыру мақсатында тарихи-мәдени ескерткіштерді жаңғырту, жол бойы сервисін дамыту, демалыс аймақтарын абаттандыру және жаңа туристік маршруттарды қалыптастыру жұмыстары жүзеге асырылуда.
Облыс аумағында орналасқан негізгі туристік нысандар қатарында Жошы хан кесенесі, Алаша хан кесенесі, Теректі әулие тарихи кешені және Ұлытау таулы аймағы бар. Аталған нысандар өңірдің туристік тартымдылығын арттыруда маңызды рөл атқарады.
Туризм саласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану, экскурсиялық қызмет көрсету және этнотуризм бағыттарында кәсіпкерлік субъектілерінің саны артып келеді.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында туризм саласындағы кәсіпкерлерге бірқатар қолдау шаралары көрсетіледі. Атап айтқанда:
- келу туризмін дамыту мақсатында туроператорларға әрбір шетелдік турист үшін 15 000 теңге көлемінде субсидия беріледі;
- ішкі туризмді қолдау шеңберінде балалардың әуе билеттері құны 100% өтеледі («Kids Go Free» бағдарламасы);
- тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техникалар құнының 25%-ы субсидияланады;
- жол бойындағы сервис нысандарын салуға жұмсалған шығындардың 10%-ы өтеледі;
- санитарлық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға ай сайын субсидия төленеді;
- туристік нысандарды салу және реконструкциялау шығындарының 10%-ы өтеледі;
- туристік қызметке арналған автокөлік құралдарын сатып алу шығындарының 25%-ы субсидияланады.
Аталған шаралар туризм инфрақұрылымын дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға және өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған.
Жаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 19 мамыр 2026МақалаларҰлытау облысының туризм саласы


