Жиі қойылатын сұрақтар
Ағымдағы жылға жоспар бойынша жалпы 243 пәтерді сатып алу жоспарда, оның ішінде: сатып алу құқығынсыз 53 пәтер, сатып алу құқығымен 190 пәтер (Жезқазған қаласы - 12 пәтер, Сәтбаев – 9 пәтер, Қаражал-110 пәтер, Жаңаарқа -80 пәтер, Ұлытау-32 пәтер).
2023 жылы облыс бойынша республикалық бюджет есебінен 854,4 млн. теңге қаражатқа 89 жалға берілетін пәтер сатып алынып, нәтижесінде халықтың әлеуметтік осал топтарының азаматтары тұрғын үймен қамтамасыз етілді (Жаңаарқа ауданы - 25 пәтер, Жезқазған қаласы - 34 пәтер, Сәтбаев қаласы - 30 пәтер). 2024 жылға бекітілген республикалық бюджет есебінен 748,8 млн теңге және «Самұрық-Қазына» АҚ облигацияларын шығару есебінен 190 пәтер сатып алуға 3,1 млрд.теңге сомасында қаражат көзделген.
1 жартыжылдықтың (қаңтар-маусым) қорытындысы бойынша 30,2 мың шаршы метр немесе 2023 жылдың кезеңіне 105% (28,6 мың шаршы метр), жоспарға 101% (29,8 мың шаршы метр) енгізілді.
Облыс бойынша 2023 жылға тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 82,7 мың шаршы метр құрады, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 131,6% (2022 жылдың қорытындысы бойынша 57,1 мың шаршы метр).
Облыс бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 2022 жылы 57,1 мың шаршы метрді құрады, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 70,4 % орындалды (2021 жылдың қорытындысы бойынша 81,1 мың шаршы метр).