АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
"Қаражал қаласы экономика және қаржы бөлімі" ММ
қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижелері бойынша
Қаражал қаласы 2026 жылғы 20 мамыр
Бөлім басшысының 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 9 бұйрығы негізінде келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:
1. ММ қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2. ММ-нің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2026 жылғы 6 сәуірден 20 мамырға дейін.
Талданған кезең: 2025 жыл.
1. Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
«Қаражал қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Есепті кезеңде нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
«Қаражал қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ қызметкерлерінің штаттық саны – 6 бірлік, нақты саны – 5 бірлік, бос орындар саны – 1.
Жаңадан қабылданған барлық қызметкерлер қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті арнайы тексеруден өтеді. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактілері жоқ.
Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған тұлғалар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда белгіленген шектеулерді қабылдайды.
Лауазымға іріктеу және тағайындау тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
Конкурстық іріктеусіз лауазымға тағайындау «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 27-бабының 10-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.Біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін тұлғаларды конкурстық іріктеу және жұмысқа қабылдауға жол берілмейді. Бос орындар, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізбесі және іріктеу кезеңдеріне жіберілген тұлғалар туралы барлық ақпарат ЕПИРГО порталында жарияланады.Қызметкерлерді лауазым бойынша жоғарылату және конкурстық іріктеусіз басқа лауазымдарға ауыстыру «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 27-бабының 10-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. Заңнама талаптарын бұзған, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын шектеген немесе өзге де құқық бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылады. Мұндай фактілер анықталған жоқ.Тәртіптік жазасы алынбаған қызметкерлерді көтермелеуге жол берілмейді. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту және қайта даярлау жөніндегі бекітілген кестеге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалында оқыту жүргізіледі. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру мерзімдері мен тәртібі сақталады.Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес 2025 жылдың қорытындысы бойынша әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізілді.«Қаражал қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-де 5 мемлекеттік қызметші бағалаудан өтіп, барлығы «тиімді» деген нәтижеге ие болды.Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен түсіндіру және профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер тарапынан тәртіптік теріс қылықтар анықталған жоқ.Есепті кезеңде еңбек тәртібін бұзу, әдеп нормаларын сақтамау және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді бұзу фактілері тіркелмеген.Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактілері жоқ.
2. Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Талдау барысында жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлесіп қызмет атқаруы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін екендігі қаралды.Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 14-бабы 1-тармағына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және оларға теңестірілген адамдар өздерінің жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) немесе жекжаттарының тікелей бағынысында болатын лауазымдарды атқара алмайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау барысында бөлімде жақын туыстардың бірлесіп қызмет атқару фактілері анықталған жоқ. Мүдделер қақтығысы фактілері жоқ.
Өкілеттіктер мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал етуі мүмкін нормаларды талдау нәтижесінде тәуекелдер анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардан бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша өтініштер түскен жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту және олардың тиімділігін арттыру мақсатында мыналар ұсынылады:
-ұжымда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жалғастыру;
№ 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізу.-қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша құқықтық оқыту сабақтарын өткізу.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Бөлім мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.
4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру
Рұқсат беру функцияларын іске асыру тәртібінің толық немесе ішінара реттелмеуі анықталған жоқ.
Рұқсат беру функцияларын іске асырудың нақты рәсімдерінің қолданыстағы құқықтық актілер талаптарына сәйкес келмеуі анықталған жоқ.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру кезінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелер жұмысының бұзылуына байланысты тәуекелдер анықталған жоқ.
5. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Бөлім бақылау-тексеру функцияларын жүзеге асырмайды.
6. Бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру және бөлу
Талданып отырған кезең бойынша қаржыландыру жоспарлары толық көлемде орындалды.
Талдау барысында бюджет қаражатын тиімді және оңтайлы жұмсауға әсер ететін мынадай тәуекелдер анықталды:
1. бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін жиһаз сатып алу нормативтерін әзірлеу;
2. жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) сатып алуға арналған бюджет қаражатын негізді жоспарлау мақсатында, бағаның жыл сайынғы өсуіне байланысты, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, инфляция деңгейін ескере отырып, тауарларды сатып алудың тоқсан сайынғы ұсынылатын бағасын айқындау мүмкіндігін қарастыру;
3. жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша өнім берушілердің шарттық міндеттемелерін толық әрі уақтылы орындауын қамтамасыз ету мақсатында негізгі шартқа үнемделген қаражат сомасына қосымша келісімдер жасау тәжірибесін мүмкіндігінше қолданбауды ұсыну. Бұл тапсырыс берушілердің сметалық құжаттаманы сапалы әзірлеу жөніндегі жауапкершілігін арттыруға және бюджетте қалыптасқан үнемді қажетті жобаларды іске асыруға бағыттауға қосымша мүмкіндік береді.
7. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңда белгілі бір көлем шегінде бір көзден сатып алу тәсілі көзделген. Бір көзден шарт жасасу кезінде жеткізушіні таңдауда артықшылық беру тәуекелі бар.Осыған байланысты жеткізушіні таңдау кезінде бәсекелестік еркіндігі, адалдық қағидаттары және бюджет қаражатын оңтайлы пайдалану қағидаттары қатаң сақталуы қажет.
8. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану
Бөлімнің жұмысында келесі ақпараттық жүйелер пайдаланылады: «Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі» (БЭҚАЖ), «Бюджеттердің атқарылуын қаржылық мониторингі» АЖ («Қаржы үйі»), eQyzmet ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдардың интернет-порталы, Enbek.kz ақпараттық жүйесі, «еМинифин» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, мемлекеттік сатып алудың электрондық порталы, «Қазынашылық–Клиент» ақпараттық жүйесі және «1С» бағдарламалық кешені.Аталған ақпараттық жүйелерді пайдалану мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге, адами факторды азайтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігін төмендетуге ықпал етеді.
Ақпараттық жүйелерді пайдалану барысында заңнама талаптарының бұзылуы анықталған жоқ.
Қорытынды:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейіне бағалау жүргізілді.Талданған кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар функцияларды жүзеге асыру барысында бірнеше тәуекел анықталды. Алайда олардың пайда болу ықтималдығы төмен және оларды толық жою мүмкіндігі бар.
Қажет:
Бюджет қаражатын оңтайлы және негізді пайдалану мақсатында нақты баға саясатын қолдану бойынша жұмысты жалғастыру, бағаларды негізсіз көтеру фактілеріне жол бермеу; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесіне енгізілген қызметшілердің қызметін қолданыстағы заңнамаға және бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асыруын қамтамасыз ету;
-ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жоспары мен қорытындыларын интернет-ресурста уақтылы орналастыру;
-жүргізілген талдау нәтижесінде берілген ұсынымдарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімде әзірлеу;
-ұсынымдардың орындалуын бақылау мен мониторингті өзіме қалдырамын.
«Қаражал қаласының экономика
және қаржы бөлімі» ММ басшысы Н.Абдрахманова
8
16 қараша 2026 10:13
16 қараша 2026