«Қаражал қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына |
|
|
БЕКІТЕМІН __________________ Н. Абдрахманова «____» мамыр 2026 жыл
|
«Қаражал қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
№ |
Ұсыныс |
Іс-шара |
Іс шараны аяқтау нысаны |
Орындаушылар |
Іс-шараны орындау мерзімі |
|
1. |
Бюджет қаражатын негізсіз жоспарлау және тиімсіз пайдалану фактілеріне жол бермеу |
Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру кезінде бюджеттік шығыстарды жоспарлаудың негізділігіне талдау жүргізу және баға мониторингін жүзеге асыру |
Ұсынымның орындалуы туралы ақпарат |
Бас маман – бас бухгалтер А.С. Бүркитбаева |
Тоқсан сайын |
|
2. |
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасының талаптарының сақталуын қамтамасыз ету |
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын зерделеу, мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша оқыту семинарларына қатысу |
Ұсынымның орындалуы туралы ақпарат |
Бас маман – бас бухгалтер А.С. Бүркитбаева |
Тоқсан сайын, 2026 жылғы маусым |
|
3. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесіне енгізілген мемлекеттік қызметшілердің өз қызметін қолданыстағы заңнамаға және бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асыруын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына алғышарттарға жол бермеуін қамтамасыз ету |
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Бөлімде құқықтық оқыту (жалпыға бірдей құқықтық оқу) өткізу |
Бас маман М.Ж. Жақубай |
Тоқсан сайын |
13
16 қараша 2026 10:08
16 қараша 2026