«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы - мемлекеттік еңбек инспекторы, C-O-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

C-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Сәулет және құрылыс
  • Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің сақталуына, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, еңбек заңнамасының сақталуы бойынша тексерулердің уақтылы және сапалы жүргізілуін бақылау, еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау мониторингін жүзеге асыру, өндірістік жарақаттанудың себептеріне талдау жүргізу, кәсіптік аурулар, тексеру нәтижелерінің қорытындылары бойынша «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің базасын толтыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау, еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соқтыратын себептер мен мән-жайларды, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын талдау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша консультативтік және түсіндіру жұмыстарын жүргізу, есептердің уақтылы және сапалы берілуін, бөлімнің барлық қызметкерлеріне бақылау құжаттарының орындалуы бойынша бақылауды жүзеге асыру, басшылық жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.03.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.03.2025 – 19.03.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

27.03.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, қажет болған жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-33-55