"Ұлытау облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" ММ басшысы

Мемлекеттік орган

Ұлытау облысының әкімдігі

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

D-О-1 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

688751

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Сәулет және құрылыс
  • Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмысын ұйымдастырады; Облыс әкімінің өкімдері мен тапсырмаларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін ұйымдармен сақтауды бейнелейтін көрсеткіштерді талдайды және жүйелейді, таратады, ақпараттарды жинайды; еңбек мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық анықтамалар әзірлейді; еңбек заңнамасын сақтауды бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмысты жақсартуға бағытталған іс-шараларды әзірлейді; мемлекеттік еңбек инспекциясының жұмысы жөніндегі есептерді әзірлейді; мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмыстары жөніндегі есептіліктің уақытылы тапсырылуына бақылау жасайды; шаруашылық субъектілерін тексеруді және әкімшілік құқық бұзушылықтарды уақытылы тіркеуді қамтамасыз ету бойынша бақылау жүргізеді; өндірістік жарақат бойынша мәліметтер қорына түзетулерді уақытылы енгізуді қамтамасыз ету бойынша бақылау жүргізеді; еңбек, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін еңбек заңнамасын және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің ұйымдарда меншік нысанына қарамастан сақталуына мемлекеттік бақылауды жүргізуді қамтамасыз етеді; еңбек заңнамасының талаптарын бұзуды болдырмау және алдын алу бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қабылдайды. (А блогы)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 31.07.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.08.2023 – 09.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

«Ұлытау облысы әкімінің аппараты» MM (100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7102) 73-32-53, 8(7102) 73-31-15