2024 жылғы қорытынды есебі
- Жалпы ережелер
- Қызмет беруші туралы мәлімет:
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ
- Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Көрсетілген қызметтер саны – 7448.
Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
Қызметтерді көрсету нысаны:
Электронды түрде – 3693
Қағаз түрінде – 3755
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 0.
Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
Білім беру ұйымдарына қабылдау үшін құжаттарды қабылдау-563 қызмет.
Қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау - 515 қызмет.
Мектептерде тегін тамақтану — 1001 қызмет.
Балаларды тегін тасымалдауды ұсыну - 552 қызмет.
Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау — 467 қызмет.
Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою — 606 қызмет.
Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру - 33 қызмет.
Балаларды білім беру ұйымдары арасында ауыстыру -181.
Педагогтерді аттестаттау - 70 қызмет.
- Қызмет алушылармен жұмыс:
- Ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары:
Ресми интернет-ресурс және Instagram парақшасы:
https://www.instagram.com/ulan_bilim_bolimi?igsh=MXU4OXYwNGJoamx6MQ==
Ауданның білім беру мекемелеріндегі ақпараттық стендтер.
- НҚА жобаларын жария талқылау:
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жария талқылауға қатысу мүмкіндігі туралы ата аналар мен тұрғындарды үнемі хабардар ету жүргізіледі egov.kz.
- Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар:
Жалпы мектептің ата-аналар жиналыстарында және әр сынып бойынша жеке-жеке, мектеп директорының жанындағы кеңестерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жауапты тұлғаның жеке консультациясы.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі туралы көрсетілетін қызметті алушыларды сапалы хабардар ету.
- Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет
- Процестерді оңтайландыру және автоматтандыру:
Электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу үшін ЭЦҚ алу қажеттілігін белсенді түсіндіру.
- Қызметкерлердің біліктілігін арттыру:
Жауапты қызметкерлер соңғы жаңартуды ескере отырып, өзекті заңнамалық актілерді, стандарттар мен ережелерді үнемі зерттеп отырады.
- Нормативтік-құқықтық жетілдіру:
Жұмыс 15.04.2013 жылғы "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның негізінде 23.12.2023 жылғы өзгерістермен жүргізіледі.
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
4.Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау.
- Қызметалушылардың шағымдары:
Қызмет көрсету барысында шағымдар болған жоқ.
Есепті кезеңде қызмет көрсетуден 36 бас тарту түсті.
- Ішкі сапаны бақылау:
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ай сайынғы мониторинг жүргізіледі.
- 2024 жылғы тексерулер барысында ескертулер анықталған жоқ.
- Уәкілетті органның бақылауы:
2024 жылы бақылау жүргізілді, бұзушылықтар анықталған жоқ.
- Қоғамдық мониторинг:
2024 жылы қоғамдық мониторинг жүргізілді, ескертулер анықталған жоқ.
- Қызметті алушылардың тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру үшін: қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспарлануда.
- Білім бөлімінің ведомстволық бағынысты ұйымдары бойынша Мемлекеттік қызметтер стандарттарын түсіндіру үшін кездесулер мен семинарлар өткізу.
- Уақтылы және сапалы қызмет көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдау.
- Бұқаралық ақпарат құралдары, Интернет-ресурстар және электрондық үкімет порталдары арқылы халықты белсенді ақпараттандыру.
Қосымша:
180 түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Халықты түсіндіру шараларымен қамту 10 856 адамды құрады.
10
28 сәуір 2025 16:53
28 сәуір 2025