
Баспасөз орталығы
- Халықтың игілігі – басты назарда!
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығымен бекітілген Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларына сәйкес, Алматы облысының өңірлік нышанын әзірлеу үшін өтініштер 2025 жылғы 17 ақпан мен 17 мамыр аралығында қабылданады, деп хабарлайды barysnews.kz. Өңірлік нышан жобасына қойылатын талаптар: Жобаны әзірлеу: — қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайту, — геральдикалық белгілерді сақтау, — өңірдің ұлттық дәстүрлерін, тарихи, мәдени, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке алу қағидаларына негізделеді. Жобаны әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы мен Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесін, сондай-ақ дiни, рулық және тайпалық белгiлердiң бейнесін пайдалануға тыйым салынады. Жобаны әзірлеу кезінде мыналар ескерілерді: — жоба бұрын пайдаланылмаған және өзінің ерекшелігімен жергілікті жердің болашақ даму бағытын құруды айқындайтын жаңа жұмыс болып табылады; — жобаның визуалды құрамдас бөлігі, үш өлшемді кескіні және (немесе) моделі анық бедері бар; — жобада ресми атаулар, жазулар және басқа да мәтіндер қазақ тілінде жазылады; — жобаны әзірлеу кезінде авторлық құқықты және (немесе) сабақтас құқықты бұзуға, плагиатқа жол берілмейді. Жобаның авторы Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылады. Жобаны жасауға бірнеше жеке тұлға қатысқан, жағдайда олардың барлығы оның авторлары (бірлескен авторлары) болып саналады. Жобаны әзірлеу кезінде ұлттық этнографиялық элементтерді (ою-өрнектерді) пайдалануға рұқсат етіледі. Конкурсқа қатысуға өтінім қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және жобаның сипаттамасын қамтиды. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді облыстық ішкі саясат басқармасына (электронды көшірмесі zhumash.ibrayva.64@mail почтасына қағаз және электронды тасымалдағышта 2025 жылғы 17 мамырдан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс!. Сұрақтар туындаған жағдайда 87773717606 (Ибраева Жұмаш Чиныбековна), 87776883792 (Дауренбаев Марат Өмірбекұлы) номеріне хабарласуға болады!
- По случаю «1 марта – Дня благодарения» в доме культуры Кетпенского сельского округа было организовано праздничное торжество. Главной целью мероприятия было укрепление солидарности и единства в стране, прославление культуры взаимного уважения и благодарности. В ходе концерта зрителям были предложены патриотические песни, народные танцы и пожелания. Праздничный концерт подарил зрителям особое настроение
- 28 ақпан күні "1 наурыз – Алғыс айту күні" мерекесіне орай салтанатты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – елдегі ынтымақ пен бірлікті нығайту, өзара сыйластық пен ризашылық мәдениетін дәріптеу болды. Концерт барысында көрермендерге патриоттық әндер, халық билері, тілектер ұсынылды. Шараға өнерпаздар, ұстаздар, оқушылар қатысты. Сондай-ақ, іс-шара барысында алғыс айту мәдениетінің маңызы, Қазақстан халқының достастығы мен татулығы туралы жылы лебіздер айтылды. Мерекелік концерт көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлап, ризашылық пен мейірімділікке толы әсерлі кеш болды.
- Кетпен ауылдық округі С.Мошанұлы атындағы мәдениет үйінде ақпан айының 5 күні қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақынның өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен таныстыру мақсатында ақын Мұқағали Мақатаевтің туған күніне орай “Мұқағали -мәңгілік ғұмыр” атты кеші өтті.
Маңызды
Маңызды ақпаратпен танысыңыз
Жаңартуларға тіркеліп, маңызды жаңалықтар мен оқиғалар туралы хабардар болыңыз



