Халыққа жақын қызмет – 109 Бірыңғай байланыс орталығы

Халыққа жақын қызмет – 109 Бірыңғай байланыс орталығы  Ауыл тұрғындарының ақпараттық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті кеңейту мақсатында 109 Бірыңғай байланыс орталығының қызметі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында тұрғындарға 109 байланыс орталығы арқылы өздерін толғандырған мәселелер жөнінде өтініш қалдырудың тиімді жолдары түсіндіріліп, қызметтің артықшылықтары таныстырылды. Қатысушылар сұрақтарына жауап алып, өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Бүгінде 109 қызметі – тұрғындар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы алтын көпірге айналып, әрбір азаматтың үнін естуге және мәселесін жедел шешуге мүмкіндік беріп келеді. Халықпен ашық диалог орнату, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына дер кезінде ден қою – ортақ міндет. Осындай кездесулер тұрғындардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттырып, қоғам мен билік арасындағы сенімді байланысты нығайтуға ықпал етеді. 109 – сіздің дауысыңыз естілетін, мәселеңіз назардан тыс қалмайтын сенімді байланыс алаңы.

Халыққа жақын қызмет – 109 Бірыңғай байланыс орталығы

Ауыл тұрғындарының ақпараттық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті кеңейту мақсатында 109 Бірыңғай байланыс орталығының қызметі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында тұрғындарға 109 байланыс орталығы арқылы өздерін толғандырған мәселелер жөнінде өтініш қалдырудың тиімді жолдары түсіндіріліп, қызметтің артықшылықтары таныстырылды. Қатысушылар сұрақтарына жауап алып, өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.
Бүгінде 109 қызметі – тұрғындар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы алтын көпірге айналып, әрбір азаматтың үнін естуге және мәселесін жедел шешуге мүмкіндік беріп келеді.
Халықпен ашық диалог орнату, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына дер кезінде ден қою – ортақ міндет. Осындай кездесулер тұрғындардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттырып, қоғам мен билік арасындағы сенімді байланысты нығайтуға ықпал етеді.
109 – сіздің дауысыңыз естілетін, мәселеңіз назардан тыс қалмайтын сенімді байланыс алаңы.