БАҚ: КӘМЕЛЕТКЕ ТОМАҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ – ЗАҢ АЯСЫНДА

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәмелетке толмаған жасөсіпірімдерді жұмыспен қамтуға, кәсіптік бағдарлауға және оқытуға бағытталған кешенді шараларды іске асыруда. Enbek.kz порталындағы «Менің жазғы демалысым» арнайы бөлімі 14 жастан бастап жастарға тексерілген бос жұмыс орындарын өз бетінше іздеуге және ресми еңбек шарттарын жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандардың еңбек ету құқығы мен міндеттері айқындалған. 14 жасқа толған жасөспірімдер ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен ресми түрде жұмыс істей алады.
Заңға сәйкес, жасөспірімдерді ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарға тартуға тыйым салынады. Сондай-ақ олардың жұмыс уақыты қысқартылып, оқу процесіне кедергі келтірмеуі тиіс.
Еңбек қатынастары міндетті түрде еңбек шарты арқылы рәсімделеді. Бұл – жас қызметкердің құқықтарын қорғап, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кәмелетке толмағандардың еңбек құқығын сақтау – олардың қауіпсіздігі мен болашағына жасалған маңызды қадам.