ДЕПАРТАМЕНТ: ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУЫ ТИІС МІНДЕТТЕР МЕН ЖОСПАРЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланған күні: 27 шілде 2026
Бүгін Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлының төрағалығымен еңбек қатынастары бойынша атқарылған жұмыстар мен жоспарланған міндетті атқарылуы тиіс жұмыс жоспарын пысықтау мақсатында Департамент қызметкерлерімен лездеме жиналыс өткізілді.
 
Жиналыс барысында Департамент басшысы үстіміздегі жылдың 24 шілдесі күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомство қызметінің қорытындылары бойынша өткізілген кеңейтілген отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысына сәйкес жүргізілген бағалау нәтижесінде Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті аумақтық департаменттер арасында бірінші орынға ие болуымен Департамент қызметкерлерін құттықтай отырып, тиімді нәтижеге қол жеткізуге үлес қосқан барлық қызметкерлерге өз алғысын білдірді.
 
Сонымен қатар, Амангелды Салхудинұлы Департаментке келіп түскен арыз-шағымдардың орындалу тәртібі мен мерзімін қадағалау, жүргізілген тексерулер, сала бойынша талдау, берілген нұсқамалар және олардың орындалуы, ол бойынша орын алған заң бұзушылықтарға қатысты салынған айыппұлдар заңдылығына талдау жасап, сын-ескертпелерге тоқталып өтті.
 
Сондай-ақ, өндіріс орындарында орын алатын жазатайым оқиға кезінде міндетті сақтандыру шарттарын жасамаған ұйымдарға мониторинг жасай отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы бойынша жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының (ОСНС) маңыздылығы, мекемеде бекітілген ұжымдық шарттарды цифрландыруды қамтамасыз ету бойынша мәселелер қаралды.
 
Жиналыс соңында Департамент басшысы жоғарыда көтерілген мәселелерді ескеруді және қатаң бақылауға алып, алдағы уақытта жұмыс жоспарына сәйкес атқарылуы тиіс міндеттерді сапалы әрі мерзімінде орындау тапсырылды.