ДЕПАРТАМЕНТ ҰЖЫМЫ БАРШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ «25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН» ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

ДЕПАРТАМЕНТ ҰЖЫМЫ БАРШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ «25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН» ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

🇰🇿 Құрметті қазақстандықтар!

🇰🇿 Департамент ұжымы Сіздерді еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
 
🇰🇿 Республика күні – еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің негізін айқындайтын, ұлттық бірлігіміз бен елдігімізді дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күн – халқымыздың азаттыққа деген ұмтылысын, жарқын болашаққа деген сенімін бейнелейтін маңызды тарихи белес.
 
🇰🇿 Осы айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз! Еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын!
 
🇰🇿 Республикамыздың мерейі үстем, Тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы жарқын болсын!
 
🇰🇿 Республика күні құтты болсын!
Басталу уақыты

24 қазан 2026

Соңғы күні

25 қазан 2026

Оқиға түрі

Құттықтау