Артқа

Ажиметова Гульфари Нуржановна

Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы

Жалпы ақпарат, білімі

Ажиметова Гульфари 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келді.

Білімі:

2002 жыл - М.Әуезов атындағы ОҚМУ

2012 жыл - Академиялық инновациялық университет

Мамандығы бойынша экономист, құқықтану бакалавры. Экономика ғылымдарының кандидаты, PhDдокторы.

Мансап

Еңбек жолын 2002 жылы "ЯНС-2" ЖШС- де есепші болып бастады.

2006 жылдан 2018 жыл аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының салық органдарында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы қызметін атқарды.

2018 - 2023 жж. Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы.

2023 – 2025жж. Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшы орынбасары.

2025 жылдың 22 желтоқсанынан бастап Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы.

Жұмыс бағыттары