2025 жылдың І тоқсанында Қазақстанда орналастыру орындары 61 млрд теңгеге қызмет көрсетті
Жарияланған күні: 20 маусым 2025
Жаңарту күні: 20 маусым 2025
Көру саны:113
Ресми статистика деректеріне сәйкес, 2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан аумағындағы демалыс базалары, қонақ үйлер, хостелдер және өзге де орналастыру орындары 61 млрд теңгенің қызметін көрсеткен. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға көп. Былтырғы бірінші тоқсанда бұл көрсеткіш 50,7 млрд теңгені құраған еді.
Ең жоғары көрсеткіш мына өңірлерде тіркелді:
Алматы қаласы — 21,6 млрд теңге
Астана қаласы — 13,7 млрд теңге
Ақмола облысы — 5,7 млрд теңге
Алматы облысы — 2,4 млрд теңге
Шымкент қаласы — 2,3 млрд теңге
Маңғыстау облысы — 2,3 млрд теңге.
Жарияланған күні
20 маусым 2025
Жаңарту күні
20 маусым 2025
Жарияланымның авторы
Түрі
Қызмет бағыты