Қытайдағы IX қысқы Азия ойындары: Ябули - тау-шаңғы курорты

Жарияланған күні: 12 ақпан 2025
Жаңарту күні: 12 ақпан 2025
Көру саны:17
Қытайдағы IX қысқы Азия ойындары Харбин қаласынан бөлек, Ябули тау-шаңғы курортында да өтіп жатыр. Ябули курорты – Қытайдың ең танымал қысқы демалыс орындарының бірі саналады. Аймақтың қысы қатты, қары қалың болса да, табиғаты спортшылар мен қысқы спорт түрлерін ұнататындар үшін өте қолайлы.
Ұйымдастырушылар жарысқа келген қонақтарды таңқалдыру үшін ерекше тәсілдерді қолданған. Олар спортшылар мен жанкүйерлерді әсерлі атмосферамен қарсы алу мақсатында қардан тау тұрғызып, түрлі мүсіндер жасаған. Мүсіндерден әртүрлі бейнелерді көруге болады.
Айта кетейік, Ябулиде тау шаңғысы, биатлон, шаңғы жарысы, ски-альпинизм және фристайл-акробатика сияқты спорт түрлерінен жарыстар өтіп жатыр.
Жарияланған күні
12 ақпан 2025
Жаңарту күні
12 ақпан 2025
Жарияланымның авторы
Түрі
Қызмет бағыты