ШҚО-да туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіндік бар

«Еліміздің туризм саласында Шығыс Қазақстан облысының орны ерекше. Өңір әртүрлі ландшафттарымен және тарихи-мәдени мұрасымен ерекшеленеді. Яғни, ШҚО-да туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіндік бар. Жалпы, облыста саланың негізгі көрсеткіштері бойынша қалыпты өсім байқалады. Орналастыру орындарында көрсетілген қызмет көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50%-ға өскен.

Орналастыру объектілерінің қызметін биыл 185 мың қазақстандық пайдаланған, бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда 20%-ға көп. Туризм саласына салынған инвестиция көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 23%-ға артқан.

Биыл жалпы 3 жоба іске асырылды, сондай-ақ тағы 2 жоба аяқталуға жақын».

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесуінен.

Жарияланған күні

19 желтоқсан 2024

Жаңарту күні

19 желтоқсан 2024

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты