Биыл Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды

«Биыл Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Сонымен қатар Күршім ауданының Марқакөл, Ұлан ауданының Бозанбай және Таврия ауылдарында, Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын және Катонқарағай ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жалғасуда.

Өңірде биыл Дене шынықтыруды дамыту орталығы ашылды. Спорт кешені мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелермен тығыз жұмыс істейді. Әртүрлі лигалар форматындағы іс-шаралар, сондай-ақ еңбек ұжымдары мен қарттар арасында спартакиадалар ұйымдастырылады».

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесуінен.

Жарияланған күні

19 желтоқсан 2024

Жаңарту күні

19 желтоқсан 2024

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты