ҚАЗАҚСТАНҒА 2 АПТАДА ЖАРТЫ МИЛЛИОННАН АСА ТУРИСТ КЕЛДІ

ҚАЗАҚСТАНҒА 2 АПТАДА ЖАРТЫ МИЛЛИОННАН АСА ТУРИСТ КЕЛДІ
  • 2024 жылғы 1-13 қыркүйек аралығында Қазақстанға шетелден 597 мың турист келді;
  • 68 мың саяхатшы Астана және Алматы халықаралық әуежайлары арқылы, 529 мың турист авто және темір жол көлігімен келген;
  • Шетелдік туристердің елімізде жұмсаған жалпы шығыны: 15,5 млн АҚШ доллары (7,5 млрд теңге);
  • Алыс шетелден келген туристердің орташа шығыны: 1500 АҚШ доллары;
  • Көшпенділер ойындарына келген туристердің Қазақстан экономикасына қосқан үлесі: 625 000 АҚШ доллары;
  • Қазақстанға ең көп туристер Қытай (33 мыңнан астам), Үндістан (6 мыңнан астам) және Германиядан (4 мыңнан астам) келген;
  • 1-13 қыркүйек күндері Ұлттық музейге 14 мыңнан астам, «Бәйтерек» монументіне 15 мыңға жуық, «Нұр-Әлем» павильонына 10 мыңға жуық турист барған;
  • Этноауыл мен ойындарды 250 мыңнан астам адам тамашалаған;
  • еQonaq жүйесі Астанада 12 500-ге жуық шетелдік турист тіркеді.
Жарияланған күні

18 қыркүйек 2024

Жаңарту күні

18 қыркүйек 2024

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты