ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОНАҚ ҮЙЛЕР МЕН ОРНАЛАСТЫРУ ОРЫНДАРЫ 121,3 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстандағы қонақ үйлер, демалыс орындары, хостелдер және басқа да орналастыру орындары шамамен 121,3 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23% көп. Яғни, 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында еліміздегі орналастыру орындарында қызмет көрсету көлемі 98,7 млрд теңгені құраған.

Сондай-ақ орналастыру орындарының саны 253-ке артып, 4167-ге жетті. Біржолғы сыйымдылық 15 мың төсек-орынға өсіп, жалпы 220 мың төсек-орыннан асты. Бұл – туристерді орналастыру мүмкіндігінің айтарлықтай кеңейгенін көрсетеді.

Жарияланған күні

11 қыркүйек 2024

Жаңарту күні

11 қыркүйек 2024

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты