Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының Қоғамдық көлікті ұйымдастыру бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380392

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Көлік қызметтері
  • Автоматтандыру және басқару
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Жаратылыстану ғылымдары: Механика

Функционалды міндеттер

Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауапкершілік алады, бөлімнің жоспарлы түрде жұмыс істеуін жүзеге асырады; бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, еңбек және орындаушылық тәртіпті қамтамасыз етеді, бөлім қызметкерлерінің тағайындалуы мен босатылуы жөнінде ұсыныстарды енгізеді; «Көлік және логистика» бағыты бойынша жобалық басқаруды жүргізу. «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС-мен маршруттарды диспетчеризациялау сұрақтары бойынша, тұрақты қалалық, қалааралық автомобильмен жолаушыларды және багажды тасымалдау маршруттарын ашу, өзгерту немесе жабу сұрақтары және бірлесіп тексеру бойынша өзара қарым-қатынас орнатады, сонымен қатар «Метрополитен» КМК және «Алматыэлектркөлік» ЖШС жұмысын үйлестіреді. Мемлекеттік мекемелермен ақпарат алмасу және өзара іс-қимыл; атқарылған жұмыс бойынша есептілікті жүргізу; мердігер ұйымдар мен кәсіпорындардың келісімді міндеттерін орындауы мен атқарылған жұмыстарының мерзімін бақылайды және үйлестіреді; келіп түскен хат-хабарлардың орындалуы мен орындау мерзіміне қатаң бақылауына жауаптылықта болады; мемлекеттік қызметтің ұсынылуы мен орындалу мерзімінің қатаң бақылануына жауаптылықта болады. Қалалық рельсті көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді, қалалық рельсті көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беруді жүзеге асырады. Маршруттарды ашу, өзгерту немесе ыдырату бойынша ұсыныстарды, маршруттағы көліктердің қозғалыс кестесін қарауға қатысады. Бөлім қызметінің мәселелері бойынша қаланың ұйымдары мен ведомстволарымен өзара қызметтеседі. Алматы қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасымен, Алматы қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясымен, жолаушылар тасымалын ұйымдастырудың қатысушылары болып табылатын басқа да заңды және жеке тұлғалармен өзара әрекеттеседі.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 27.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.01.2026 – 30.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

03.02.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30