Көлік инфрақұрылымын және тұрақты емес тасымалдауларды дамыту

-
Көлік инфрақұрылымы — әуежайдың, теміржол вокзалдарының, автовокзалдардың, аялдамалардың, баламалы көлік нысандарының және ақылы тұрақтардың жұмысын үйлестіру.
-
Әуежай, т/ж вокзалдары және автовокзалдар — нысандармен өзара іс-қимыл жасау, жұмыстарды үйлестіру, деректерді, оның ішінде жолаушылар ағыны бойынша деректерді жинау және талдау.
-
Автовокзалдар мен автостанциялар — Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тізілімін жүргізу.
-
Тұрақты емес тасымалдаулар — тұрақты емес бағыттар бойынша жолаушылар мен багаждарды тасымалдауды қадағалау, тасымалдаушылардың шарттық міндеттемелерді орындауын тексеру жөніндегі рейдтерге қатысу.
-
Такси — такси тасымалдаушыларының қызметін үйлестіру, қызметті бастау туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу, нормативтік базаны жетілдіру жөніндегі жұмыс.
-
Такси тұрақтары — тұрақтарды ұйымдастыру және олардың тізілімін жүргізу.
-
Ақылы тұрақтар — ақылы тұрақтар жүйесін енгізу және тиісті құжаттаманы рәсімдеу.
-
Мемлекеттік қызмет — өздігінен жүретін шағын кемелерді басқару құқығына куәліктер беру.
-
Ведомстволық кәсіпорындар — *«Алматы паркинг» ШЖҚ КМК, *«Алматыэлектротранс» ЖШС және «Метрополитен» ШЖҚ КМК қызметін үйлестіру және бақылау.
-
Баламалы көлік — баламалы көлік түрлерін дамыту.
-
Нормашығармашылық жұмыс — көлік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді өзгерту жөнінде ұсыныстар дайындау.
-
Ведомствоаралық жұмыс — көлік және көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі комиссиялар мен жұмыс топтарына қатысу.
-
Азаматтар мен ұйымдардың өтініштері — хаттарды, шағымдарды және арыздарды белгіленген мерзімде қарау.
Пайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 11 қыркүйек 2026МақалаларКөлік инфрақұрылымын және тұрақты емес тасымалдауларды дамыту