Jibek joly

Jibek joly туристік пойызының бағыты: «Алматы-Түркістан-Ташкент-Алматы». Тур 5 күнге жоспарланған. Осы уақыт аралығында жолаушылар жайлы сапардан бөлек, Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени-тарихи орталығы саналатын Түркістан мен Ташкент қалаларында болады.

Туристік пойыздың құрамына бұрын басқа маршруттарда пайдаланылмаған, Қазақстанда өндірілген су жаңа бес заманауи вагон кіреді. Пойыз экипажының құрамында басшы, сегіз тәжірибелі жолсерік және электромеханик бар.

Пойыздың сыртқы көрінісінде мемлекеттік Тудың суреті бейнеленсе, ішкі дизайны қазақы қонақжайлылықтың атмосферасын көрсетеді. Яғни, ұлттық ою-өрнектері бар алтын түстес төсек-орын вагонға ерекше сипат беріп, дәстүрлі стильде безендірілген вагон-ресторан ұлттық және еуропалық тағамдардың түрлі мәзірін ұсынады.

Jibek Joly туристік пойызы Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени және тарихи орындарына қызықты саяхатқа шақырады.

Түркістан (Қазақстан):

🔺 Арыстан-Баб кесенесі.
🔺 Ежелгі Отырар қаласының археологиялық қазбалары.
🔺 «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейі, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі (ЮНЕСКО нысаны).
🔺 «Керуен-сарай» туристік кешені.

Ташкент (Өзбекстан):

🔺 Хазрати-Имам кешені.
🔺 Төле би кесенесі.
🔺 Әмір Темір және Тәуелсіздік алаңы.
🔺 «Навруз» этнографиялық паркі.
Jasorat мемориалы және «Бақытты ана» ескерткіші.
🔺 Magic City ойын-сауық саябағы.

Jibek Joly туры – Орталық Азия мәдениетінің байлығын аша отырып, ежелгі өркениеттер мұрасы мен қазіргі заманды үйлесімді түрде біріктіреді.

Халықаралық турды ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен «Жолаушылар тасымалы» АҚ, республикалық «Қазақстан туризм индустриясы» қауымдастығы және Kazakh Tourism ҰК АҚ ұйымдастырды. Жобаның басты мақсаты – екі ел арасындағы туризмді дамыту, тарихи және мәдени мұралармен танысу арқылы халықтар арасындағы достықты нығайту.