#инвестиции

2026 жылғы 17 маусымда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында инвестициялық жобаларды іске асыру және өңір экономикасына инвестициялар тарту мәселесі қаралды.
2026 жылғы 17 маусымда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында инвестициялық жобаларды іске асыру және өңір экономикасына инвестициялар тарту мәселесі қаралды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 838 млрд теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың деңгейінен 5%-ға жоғары. 2026 жылдың 4 айында бұл көрсеткіш 202,0 млрд теңгеге жетіп, НКИ 109%-ды құрады.

2025 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 1 750,8 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 3 есе жоғары. Аталған көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан өңірлері арасында 5-орында тұр.

Өңірдің инвестициялық портфелі 1,5 трлн теңге сомасына 100 жобаны қамтиды, нәтижесінде 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. 2026 жылы жалпы құны 74 млрд теңге болатын 18 жоба іске асырылуда, оның ішінде 5 жоба пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылдың басынан бастап инвестициялық пулға жалпы құны 320 млрд теңге болатын 23 жаңа жоба енгізілді.

Туризм саласында ірі жобаларды іске асыру және дайындау жұмыстары жалғасуда:

  • TORRE ALTAY INVEST компаниясының құны 8 млрд теңге болатын «Wellness Resort» санаторийлік-сауықтыру кешені (218 орын);
  • PANA ASIA компаниясының құны 10 млрд теңге болатын туристік ауылы (1000 орын);
  • Өскемен қаласындағы құны 17 млрд теңге болатын Hilton Garden Inn қонақүйі (150 орын).

Аталған жобаларды іске асыру туристерді орналастыру үшін қосымша 1368 орын құруға мүмкіндік береді.

Инвестициялар тартуда консультативтік-кеңесші органдардың қызметі маңызды рөл атқарады. Өңірлік инвестициялық штабта жалпы құны 320 млрд теңге болатын 23 жоба, ал Өңірлік үйлестіру кеңесінде құны 42 млрд теңге болатын 6 жоба қаралды.

Өңірде инвестициялық портфельді кеңейту, отандық және шетелдік инвесторларды тарту, жобаларды «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеу және инвестициялық саясат саласындағы Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындау бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.

Новости
Дата публикации: 17.06.2026
Шығыс Қазақстан облысында балық өнімін қайта өңдеу кешені салынуда.
Шығыс Қазақстан облысында балық өнімін қайта өңдеу кешені салынуда.

Балық өнімдерін өңдеу кешенін Шығыс Қазақстан облысында салуда. Зайсан көлінде балық жасөспірімдерін өсіру зауыты да болады. Жобаны шетелдік серіктестердің қатысуымен жүзеге асыру жоспарлануда. Жаңа өндірістік кешен жоғары қосылған құнды өнімдер шығаруды ұйымдастырады, ішкі нарықты сапалы өнімдермен қамтамасыз етеді және аймақтың экспорттық әлеуетін кеңейтеді.

Ақпарат kapital.kz ресми Instagram-аккаунтынан

 
 
 
Новости
Дата публикации: 12.05.2026
Туризм саласындағы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселелері бойынша кеңес өтті.
Туризм саласындағы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселелері бойынша кеңес өтті.

2026 жылғы 26 ақпанда туризм саласындағы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және инвесторлардың проблемалық мәселелерін қарау бойынша кеңес өтті.

Кездесу барысында туристік сала мен оған сабақтас бағыттардағы инвестициялық бастамаларды іске асыруға арналған мемлекеттік қолдау тетіктері мен жобаларды сүйемелдеу құралдары қаралды.

Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселесі бойынша «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Жанатұлы Ғазизов баяндама жасады. Ол инвесторларды кешенді сүйемелдеу, инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру және жобаларды ұлттық әрі халықаралық деңгейде ілгерілету жөніндегі тәсілдерді таныстырды.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің бас менеджері Лейла Бахыт Катон-Қарағай өңірін дамыту мастер-жоспарын таныстырды. Құжатта инфрақұрылымдық және туристік жобаларды кезең-кезеңімен іске асыру арқылы бәсекеге қабілетті туристік кластер қалыптастыру көзделген.

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ өңірлік директоры Нартай Болатұлы Бейсеков инвестициялық келісімшарттарды жасау тәртібі мен қолданыстағы заңнама аясында инвесторларға ұсынылатын мемлекеттік қолдау шараларын түсіндірді.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ аға банкирі Айнұр Дарибаева жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламалары және ірі жобаларды іске асыру үшін ұзақ мерзімді қаржы тарту мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

«Ертіс» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Қанатбек Болатұлы Мирзабеков әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы инвесторлармен жұмыс істеу тетіктерін, соның ішінде бірлесіп қаржыландыру және жер учаскелерін ұсыну мәселелерін баяндады.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Даму» қорының өңірлік филиалының директоры Айгүл Өмірзаққызы Қасымова кәсіпкерлерді қолдау құралдары, оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдік беру тетіктері туралы айтты.

Кеңес қорытындысы бойынша инвестициялық жобаларды одан әрі сүйемелдеу және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту жөнінде нақты ұсыныстар әзірленді. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жалғасатын болады.

Новости
Дата публикации: 03.03.2026
Шығыс Қазақстан облысының әкімі шетелдік делегациямен жұмыс кездесуін өткізді
Шығыс Қазақстан облысының әкімі шетелдік делегациямен жұмыс кездесуін өткізді

2025 жылғы 25 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сақтағанов Нұрымбет Аманұлының HONG KONG BBGO INVESTMENT HOLDING GROUP LTD. шетелдік компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысының аумағында экологиялық рекультивациялау және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды. Компания өкілдері аумақтарды экологиялық сауықтыруға, ресурстарды кешенді пайдалануға және циркулярлық экономика қағидаттарын енгізуге бағытталған халықаралық тәжірибесі мен технологиялық шешімдерін таныстырды.

Келіссөздер аясында жобаның экологиялық қауіпсіздігіне, Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауына, сондай-ақ өңір үшін күтілетін әлеуметтік-экономикалық тиімділікке, оның ішінде жаңа жұмыс орындарын құру және салықтық түсімдерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өткізілген кездесу халықаралық ынтымақтастықты дамыту және Шығыс Қазақстан облысына экологиялық бағыттағы инвестицияларды тарту жолындағы маңызды қадам болды.

Новости
Дата публикации: 25.12.2025
Өңірлік инвестициялық штаб отырыстарын өткізу кестесі
Өңірлік инвестициялық штаб отырыстарын өткізу кестесі

Шығыс Қазақстан облысында инвестициялық жобалардың іске асырылуын қарастыру мақсатында өңір әкімдігі 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған өңірлік инвестициялық штаб отырыстарын өткізу кестесін бекітті.

Ақпарат
Дата публикации: 20.11.2025
  • 1