
Туризмді дамыту және инвестиция тарту
Шығыс Қазақстан облысы Туризм басқармасының «Туризмді дамыту және инвестициялар тарту бөлімі» туризм және инвестициялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді. Бөлім жұмысы өңірдің туристік әлеуетін дамытуға бағытталған. Шығыс Қазақстан облысының туристік дестинацияларын ішкі және халықаралық деңгейде ілгерілетуге, сондай-ақ өңірдің тартымды туристік бейнесін қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Өз қызметі аясында бөлім инвестициялық тартымдылығы жоғары ахуалды қалыптастыруға ықпал етіп, шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын инвестициялық жобаларды сүйемелдейді. Туристік нысандардың көліктік қолжетімділігін жақсарту, жол бойындағы сервис нысандарын дамыту және санитариялық-гигиеналық тораптарды орнату бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Туризм саласының дамуын ынталандыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға ерекше назар аударылады. Олардың қатарында – туристік инфрақұрылым мен жол бойындағы сервис объектілерін салу, қайта жаңарту және жаңғырту, туристік көлік құралдарын сатып алу, санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстау шығындарының бір бөлігін өтеу, сондай-ақ мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде көрсетілетін қолдау бар.
Бөлім шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейді, мемлекетаралық туристік маршруттарды іске асыруға және халықаралық көрме іс-шараларына қатысады. Сондай-ақ, туризмді тұрақты дамыту мен өңірге шетелдік инвестициялар тартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысты ақпараттық-талдамалық және анықтамалық материалдарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіледі.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 17 ақпан 2026АқпаратАзаматтардың өтініштері бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
- 17 қаңтар 2026МақалаларШығыс Қазақстан облысы – табиғи байлық пен рухани мұраның ордасы
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалерея
0016 қаңтар 2026Шығыс Қазақстан облысындағы Қасиетті Крещение мерекесіне арналған суға түсу орындары
2009 желтоқсан 2025«Алтайские Альпы» тау-шаңғы курортында 2025–2026 жылдардағы қысқы туристік маусымның салтанатты ашылуы өтті
4001 желтоқсан 2025Жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар
Оқиғалар күнтізбесі
Барлық оқиғаөтіп кетті
Өскеменде Дүниежүзілік туризм күні аталып өтеді27 қыркүйек 2025Салтанатты кеш
өтіп кетті«Mongol Rally» халықаралық автошеруінің мәресі16 — 25 тамыз 2025Кездесу


