Шығыс Қазақстан облысының геопорталы

Жобаның сипаттамасы

Өскемен, Семей, Аягөз, Зайсан, Риддер, Шемонаиха, Алтай, Серебрянск қалалары бойынша бос жер учаскелері мен инженерлік коммуникациялардың электрондық карталары орналасқан геопортал әзірленді, оған ашық қолжетімділік бар. Геопорталда жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар,көше-жол желісі, инженерлік желілер, цифрлық түрде егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен бас жоспарлар орналасқан. ГАЖ қабаттар саны Бірыңғай талаптарға сәйкес 24 қабатты құрайды.

Өңір

Шығыс Қазақстан облысы

Өнім беруші/ IT -компанияның атауы

«Геоинфо» ЖШС

Отандық/ шетелдік

Отандық

Масштаб

ШҚО 8 қаласы

Пайдалануға берілген жылы

2018

Пайдалануға берілген жылы

Жергілікті бюджет

Нәтижелері (Әсері)

Осы электрондық карталар «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жобасын құру шеңберінде көпшілік кадастрлық карталар үшін және электрондық форматта жер қатынастары саласында қызмет көрсету үшін негіз болады.

Жарияланған күні

31 қазан 2020

Жаңарту күні

31 қазан 2020