тест ткст

Көру саны:8
Автомобиль жолдары
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 9 057,0 км құрайды, оның ішінде: Республикалық маңызы бар – 1 534 км, облыстық маңызы бар – 2 206,0 км, аудандық маңызы бар – 5 317,0 км.
2023 жылғы қаңтар-тамыз республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 14 189,2 млн. теңге сомасында жолдарды қайта жаңарту, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, сондай-ақ күтіп ұстау бойынша жұмыстар орындалды.
Облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында және қалалар мен аудандардың көшелерінде жалпы сомасы 23 630,4 млн. теңгеге, оның ішінде қайта жаңартуға, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеуге және күтіп ұстауға – 20 133,2 млн. теңгеге және қалалар мен елді мекендердің көшелеріне – 3 497,2 млн. теңгеге жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары орындалды.
Есепті кезеңде орындалған жұмыс көлемі 37 819,6 млн. теңгені құрады.