Электронная промышленность

Электронная промышленность

Бірқатар елде электрондық өнеркәсіптің дамуы экономикадағы басым бағыттың бірі. Қазақстанда отандық электрондық өнеркәсіп қалыптасу және даму сатысында.

Қазір бұл салада 386 ұйым жұмыс істеуде, олар коммуникациялық жабдық, кәсіби электроника, есептеу құралы, компьютер мен перифериялық жабдық, электрондық элементтер, сондай-ақ медициналық жабдық өндіреді. Бұл кәсіпорындарда 1573 адам еңбек етеді, ал өндірістердің негізгі үлесі Нұр-Сұлтан  мен Алматы қаласында орналасқан.

Ресми деректерге сәйкес, 2019 жылы электрондық өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 35%-ға артып, 44,5 млрд.теңгені құрады. Осы кезеңде электрондық өнеркәсіп өнімдерінің экспорты 36,2 млрд. теңгеге жетті, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 24%-ға көп.

Отандық электрондық өнеркәсіпті дамытуды ынталандыру мақсатында бүгінде "электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органның" құзыреті, сондай-ақ "электрондық өнеркәсіп" ұғымы заңмен бекітілген.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін электрондық өнеркәсіп өнімдерін Сенімді  бағдарламалық қамтамасыз ету тізіліміне енгізу жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылы Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға түзетулер енгізіліп, соған сәйкес сатып алу барысында Тізілімге енгізілген өнімдерге басымдық беріледі.

Квазимемлекеттік сектордың сатып алуларына келетін болсақ, отандық жаңа өнім өндірушілерді қолдау мақсатында "Самұрық-Қазына"ҰӘҚ" АҚ оффтэйк-шарттар жасасу тетігін әзірледі.

Жарияланған күні

27 маусым 2023

Жаңарту күні

27 маусым 2023