Интернет

Қазақстанда бүгінгі таңда инновацияларды дамыту және инновациялық экожүйені құру, ғылымды қажетсінетін экономиканы құру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспары, Цифрлық Қазақстан, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламалары іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша елдегі кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 11,3%-ды құрап, өсімді көрсетті. Салыстырғанда, 2018 жылы көрсеткіш 10,6% -ға, ал бір жыл бұрын-9,6% - ға тең болған.

2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы Қазақстанда инновациялық өнім көлемі 4,7%-ға өсіп, 1 113,6 млрд. теңгені құрады, бұл ретте оның ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі үлесі 1,60% -ды құрайды.

«Инновациялардың жаһандық индексі» рейтингінде Қазақстан өз позициясын 77 - орынға дейін жақсартты (2019 жылы 79 орын). Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің деректері бойынша Қазақстан 2019 жылы «Инновациялық әлеует» факторы бойынша 95-орынға ие болды (2020 жылы бағалау жүргізілген жоқ). Сонымен қатар, 2020 жылы Қазақстан "Bloomberg Innovation Index" рейтингіне (топ-60 ел) оралып, 59-орынға ие болды.

Инновациялық тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру жөніндегі жұмысты жүйелеуге және технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге қажетті заңнамалық және институционалдық негіз, инфрақұрылым жасалды. Үздік халықаралық тәжірибе негізінде заңнаманы жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.

Жарияланған күні

27 маусым 2023

Жаңарту күні

27 маусым 2023