Сәулет және қала құрылысы

Қалақұрылысын игеру, дамыту, құрылыстандыру кезінде тұрғындардың тіршілік ету және өмір сүру ортасының толық құндылығын қалыптастыру, табиғи ресурстарды, елді мекен аумақтары мен ауыларалық аумақтарды тиімді пайдалану;

аумақтардың, елді мекендердің, тұрғын үй құрылысының, құрылыс кешені мен инфрақұрылымның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған қалақұрылыстық және басқа бағдарламаларды жүзеге асыру;

қалақұрылыстық кеңістікті қалыптастыру бойынша, аумақтың және облыс елді мекендерінің қызмет көрсету деңгейін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

тарихи және мәдени мұра ескерткіштерінің сақталуын сәулет және қалақұрылыстық құралдармен қамтамасыз ету;

әлеуметтік, өндірістік, инженерлік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылымды дамыту;

облыстың құрылыс кешенін дамыту жөнінде мақсатты инвестициялық бағдарламалардың   әзірленуі мен ендірілуіне бақылауды жүзеге асыру, салаға инвестиция тарту және олардың  тиімді пайдалануы үшін ынталандыру шарттарын құру;

облыс аумағында инфрақұрылымның дамуын зерделеу, талдау, болжамдау және реттеу;

жобалау өнімінің ішкі нарығын қорғау, отандық жобалау өнімінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін  арттыруды ынталандыратын шарттарды қалыптастыру;

сәулет және қалақұрылыс қызметінде интеграциялық процесстерді  тереңдету;

 

Жарияланған күні

20 маусым 2023

Жаңарту күні

20 маусым 2023