Электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер

Өмір бойы әртүрлі жағдайларға байланысты әрбір азамат мемлекеттік қызметтерді алу қажеттілігіне тап болады. Мысалы, некені немесе баланың тууын тіркеу, емханаға тіркелу, бизнес ашу және тағы басқа қызметтер.
Бүгінде 1 300-ден астам мемлекеттік қызмет онлайн қолжетімді. Салыстыру үшін айтсақ, 2021 жылы олардың саны 657 болған. Соңғы жылдары электрондық форматта қолжетімді қызметтердің үлесі 90%-дан асып келеді.
Жыл сайын азаматтар үйден шықпай-ақ 250 млн-нан астам мемлекеттік қызмет алады. Соңғы жылдары ХҚКО операторларына жүгіну саны 30%-ға азайды.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары ортақ кезегі жоқ, заманауи әрі ашық кеңістіктерге айналып келеді. Қазір Қазақстанда азаматтар цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект көмегімен мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алатын жаңа форматтағы 9 цифрлық кеңсе жұмыс істейді. Олар Астана, Шымкент, Түркістан, Жезқазған, Сәтбаев, Орал, Петропавл, Қарағанды және Тараз қалаларында ашылған.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметтер жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану бағытында жұмыстар жүргізілуде. eGov жүйесіне енгізілген eGov GPT интеллектуалды көмекшісі азаматтарға қажетті қызметтерді табуға және оларды рәсімдеу кезеңдерінен қарапайым мәтіндік сұраныстар арқылы өтуге көмектеседі.
eGov GPT арқылы азаматтар ең көп сұранысқа ие 55 мемлекеттік қызметті пайдалана алды. Бұл қызметтер азаматтардың барлық өтініштерінің шамамен 30%-ын құрайды. Көмекшіні 80 мыңнан астам рет пайдаланған. 2026 жылдың соңына дейін қызметтер тізімін 150-ге дейін кеңейтіп, барлық сұраныстардың шамамен 80%-ын қамту жоспарланған болатын.
Халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштер
2026 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде (UN EGDI) 24-орыннан 16-орынға көтеріліп, алғаш рет ең жоғары рейтингтік топқа енді. Екі жыл ішінде ел өз позициясын 8 сатыға жақсартты. БҰҰ баяндамасында бұл көрсеткіш көшбасшы елдер арасындағы ең елеулі өсімдердің бірі ретінде аталды. Қазақстан өңірде мұндай деңгейге жеткен алғашқы мемлекет болды.
Ең жоғары рейтингтік топқа электрондық үкіметі барынша дамыған 21 мемлекет кіреді. Қазір Қазақстан Корея, Дания, Сингапур, Ұлыбритания, Эстония және АҚШ сияқты елдермен бір топта. 2026 жылы бұл топқа алғаш рет небәрі үш мемлекет: Қазақстан, Ирландия және Польша енді.
Соңғы екі жылда Қазақстан 2024 жылы рейтингте алда болған Швеция, Германия, Ирландия, Жаңа Зеландия, Австрия және Жапониядан озып шықты. Ел индексі 0,9009-дан 0,9363-ке дейін өсті. Ал әлемдік орташа көрсеткіш 0,6675 болды.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықМедиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалерея
0111 маусым 2020Министр Асқар Жұмағалиевтің халық алдында есеп беру кездесуі бойынша қорытынды баспасөз конференция
0111 маусым 2020Министр Асқар Жұмағалиевтің халық алдында есеп беру кездесуі
0108 сәуір 2020«ТЖ кезеңіндегі интернет желісі мен электронды үкімет порталының жұмысы туралы». ОКҚ баспасөз конференциясы
Оқиғалар күнтізбесі
Барлық оқиғаІске асырылып жатқан жобалар
Бағыт бойынша барлық жобаҚызметтер
Бағыт бойынша барлық қызметтерҰйымдар
Бағыт бойынша барлық ұйымдарЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруИә. Сіз ХҚКО қызметкерлері сіздің ЭЦҚ жеке куәлігіңізге жаза алады.Кейіннен egov.kz порталда авторизациялану үшін сізге компьютерге қосылған арнайы кард-ридерге жеке куәлікті қою керек болады. Куәлік жоғалған жағдайда, сіз ЭЦҚ арнайы PIN-кодпен қорғалатынына сенімді бола аласыз (банк картасымен ұқсас)
ЭЦҚ 16 жастан бастап беріледі
Электрондық цифрлық қолтаңба әрбір азаматқа жеке беріледі


