Артқа

Серғазин Руслан Амангелдіұлы

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

Руслан Амангелдіұлы Серғазин 1989 жылы 8 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылында дүниеге келген.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін  2011 жылы – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2014 жылы – «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Мансап

Еңбек жолын 2012 жылы Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасында қаржы-экономика бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы ретінде бастаған.

Әр жылдары мемлекеттік басқару жүйелерінде және дене шынықтыру мен спорт саласында түрлі қызметтер атқарған:  

– Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің құрылымында бас маман және бөлім меңгерушісі;

– Ұлан ауданы ауылдық округінің әкімі;

– Семей қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы;

– Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының әкімшілік және қаржылық бөлімінің басшысы;

– Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, кейіннен Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спорт инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы.